ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қазығұрт көрші аудандарды газобетон блоктарымен қамтамасыз ететін болды

Қазығұрт көрші аудандарды газобетон блоктарымен қамтамасыз ететін болды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданы енді тек өз аумағын емес, көрші аудандарды да газобетон блоктарымен қамтамасыз ете алатын болды.

Жаңадан ашылған кәсіпорын жылына 12 мың шаршы метр газобетон блоктарын шығаруға қауқарлы. Ол Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында аудандағы индустриалды аймақта ашылған. 120 миллион теңге жұмсалып салынған кәсіпорынның өңірдегі құрылыс саласы үшін маңызы үлкен. Өйткені жаңадан тұрғызылып жатқан тұрғын үйлердің дені осы газобетон блоктарын пайдаланды. Кәсіпорында 12 адам тұрақты жұмыс тапты. Шығарып жатқан өнімдері нарықтағыдан арзан.

Сапаралы Қарсыбаев, кәсіпорын директоры:

Газоблокқа қажетті шикізаттың бәрі осы оңтүстік өңірде бар. Құм, цемент, алюминий ұнтағы – оның бәрі осы төңіректен табылады.