ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қытайда қан доноры болып жүрген қазақ жігіті мейірімділік символына айналды

Қытайда қан доноры болып жүрген қазақ жігіті мейірімділік символына айналды

Қазақстандық Руслан Төленов Қытайда қайырымдылық пен мейірімділіктің символына айналды.

Бейжіңде білім алып жатқан ол, өзінің сирек кездесетін қанын жылына екі рет тапсырып жүр. Русланның игі ісі туралы алғаш рет Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Астанада Назарбаев Университетінде айтқан болатын. Содан бері жерлесіміз көрші елдің ақпарат құралдарында «екі ел достығының елшісі» деген атаққа ие болды. Қандасымыз мұқтаж жандарға көмектесіп, халықтар арасындағы достықты нығайтты.

Руслан Төленов, Бейжің ғылыми-технологиялық университетінің 3-курс магистрі:

-Көрші еліміздің төрағасы біздің Елбасының алдында мені айтып кеткені – бұл үлкен мақтаныш. Әрине ата-анама бұл зор қуаныш болып саналады. Сондықтан мен өте ризамын.