ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Еліміздегі көз тартар көркем жерлерге келушілердің қатары артпақ

Еліміздегі көз тартар көркем жерлерге келушілердің қатары артпақ

Қазақстанда туризм саласын қарқынды түрде дамытуға ерекше ден қойылады.

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы саланы дамытуға арналған жоспар құрып, басты бағыттарды айқындаған. Оларды бүгін Астанада өткен халықаралық конференцияда таныстырды. Жиынға жетекші шетелдік сарапшылар, мемлекеттік құрылым басшылары және туристік бизнес өкілдері келіп қатысты. Конференция соңында бірқатар отандық және шетелдік компания екіжақты келісімшарттарға қол қойды.

Орденбек Мазбаев, география ғылымдарының докторы:

– Бізде туристік өнімдер бар. Бірақ оны іске асыру жолдары жоқ. Сондықтан да бүгінгі отырыста іске асыру жолдарына қандай туристік өнім қажеттігіне тоқталуымыз қажет. Сонда бүгінгі отырыс нәтиже береді деп ойлаймын. Біз қазір қазақ халқының дәрежесін көтергіміз келсе, ұлт, этнос екендігімізді көрсеткіміз келсе, ауыл және елді мекендерге қатысы бар мәселелерді бірінші кезекке қоюымыз керек. Жанында керемет тау мен көл, ескерткіш бар. Келетін адамдар ондағы инфрақұрылымға байланысты қатыса алмайды.