×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Астанада ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы басталды

Астанада ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы басталды

Өңірдің кез келген проблемасын жауапты мекемелерге дер кезінде жеткізіп отырған осы қоғамдық келісім кеңестері.

Кеңес әлеуметтік, мәдени бастамаларға белсенді атсалысып келеді. Мысалы, «100 жаңа есімнің» 26 мүшесі – осы Ассамблея мүшелері. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» секілді мемлекеттік жобаларды халыққа тәптіштеп түсіндіретін де қоғамдық келісім кеңестері. Мүшелерін басшы емес, халық сайлайтын кеңестің құрамында ардагерлер кеңесінің мүшелері, белсенді жастар мен кез келген саланың өкілі бар. «Сондықтан кеңес жұмысы алдағы уақытта да маңызды жұмыстарды атқарады», – дейді мамандар.

Дархан Мыңбай, ҚХА төрағасының орынбасары:

– 102 есімге ілінбей қалған 2000-нан астам есімдер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен соның барлығын зерттеу керек, оларды насихаттап, өмірі туралы айтуымыз қажет. Көбі қарапайым, әр саланың адамдары болғандықтан, жастармен кездестіреміз, басқа этномәдени орталықтардың іс-шараларына қатыстырамыз.