ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Астанада «Таңғажайып Қытай» көрмесі өтті

Астанада «Таңғажайып Қытай» көрмесі өтті img.tourister.ru

ҚР Ұлттық музейінде «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.

Шараға ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй мырза және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысты.

«Қытайдың даму жетістіктеріне арналған осы көрмеден Қытай халқының негізгі мақсатын, уақыт өткен сайын ілгері жылжып, қол жеткізген ірі жетістіктерін көруге болады. Қытайдың ЖІӨ ортақ өсімі 7,2 пайызға жетті. Күллі әлемнің экономикалық өсіміне қосқан үлесі 30 пайыздан асады. Жылдам жүретін пойыздар, ұшақ тасығыш, ғарыш кемесі секілді өзге әлемді таңдандырған дүниелерді осы көрмеден тамашалауға болады», – деді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй.

Аталған көрме екі ел арасындағы саяси, экономикалық байланыспен қатар мәдени қарым-қатынастың да бар екенін көрсетпек.

ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігі мен ҚР Ұлттық музейі бірлесе ұйымдастырып отырған фотокөрмеде Қытай Коммунистік партиясы мен оның көшбасшысы Си Цзиньпиннің басшылығымен соңғы бес жылдағы Қытайдың тарихи жетістіктері толық көрсетілген.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz