ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елге әкелінетін тауарларды сату-сатып алу үдерісі онлайн түрде бақыланатын болады

Елге әкелінетін тауарларды сату-сатып алу үдерісі онлайн түрде бақыланатын болады

Тұтынушылар мен мемлекеттік органдар елге әкелінетін тауарларды сату-сатып алу үдерісін онлайн түрде бақылайтын болады.

«Виртуалды қойма» деп аталған жаңа бағдарлама бүгін Астанада өткен IOT форумында жұртқа таныстырылды.

Жүйе арқылы бірыңғай сауда алаңын ашуға болады. Оның ішінде тауардың бағасы мен барлық қажетті ақпарат жинақталады. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алуларды жүргізу біраз жеңілдейді. Бұл бағдарлама еліміздегі цифрландыру жұмыстары аясында жүзеге асырылып отыр.

Ануар Садықов, форум қатысушысы:

- Қазір біз «Виртуалды қойма» бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Келер жылдың басында жүйе бизнес өкілдеріне қолжетімді болады. Кейін тұтынушылар да оған қосылып, өзінің жеке кабинеттерін аша алады. Электронды есеп фактураларды да осы жерден алуға мүмкіндік бар. Ел аумағына кіргізілген әрбір тауар жайлы ақпарат жүйеде тіркеледі. Бағдарлама тегін. Оны пайдалану үшін тек электронды цифрлы қолтаңба қажет.