Қоғам - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Жұма, 20 Қазан 2017 09:59

Үшінші жыл қатарынан «Хабар» Агенттігі өзінің туған күніне орай әріптестерімен шағын футболдан республикалық турнир өткізбекші.

Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен ұжым бұл шараны жақсы дәстүрге айналдырған. Осыған дейін Астанада «Хабар» Агенттігінің бастамасымен екі турнир өтті. Біріншісі арнаның 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Дебюттік турнир еліміздің үздік және беделді университеттерінің бірі Назарбаев Университетінде өткен болатын. Турнирдің алғашқы жеңімпазы – «BaqOrda» командасы. Екінші жылы турнир Астана Арена стадионында өтті. Бұл жолы «ЖасStar Production» командасы жеңімпаз атанды.

Биылғы жылы да «Хабар» Агенттігі 22 қазан күні Астана Аренада БАҚ қызметкерлері арасында «KHABAR CUP-2017» республикалық шағын футбол турнирін өткізеді.

Қазірдің өзінде 16-дан астам бұқаралық ақпарат құралдары, теле және радиоарналардың 200-ден астам журналистері мен интернет-порталдар қызығушылық танытып, қатысатындарын жеткізді.

Турнирдің қатысушылары 4 топқа бөлінеді. Олар ширек финал мен жартылай финалға, ақтық матчқа және 3-орынға арналған жұбаныштық матчқа қатысады.

Турнир «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарында кеңінен таратылады.

Барлық ойын 22 қазан күні өтеді. Матчтардың басталуы сағат 09:00-ға жоспарланған. Ашылу салтанаты сағат 11:00-де басталады.

Жұма, 20 Қазан 2017 09:17

Шаһардағы «3-ЭнергоОрталыққа» табиғи газ жеткізіліп, қазандықтар іске қосылған. Алдымен әлеуметтік нысандарға, содан соң көп қабатты тұрғын үйлерге беріле бастайды.

1 қарашаға дейін барлық нысандар толығымен жылумен қамтылуы тиіс. Мамандар енді тұрғындардың сервистік қызмет көрсетуші кәсіпорынмен келісімге келгені дұрыс деп есептейді.

Пердебай Сәбитов, «Қуат жылу орталығы-3» МКК бас инженері: 

– Шымкент қаласында 1800 үй болатын болса, оның 800-900 үйі иесіз қалған. Жертөлелерді жылыту үшін қызмет етіп жатырмыз. Бұрын үй иелерінің өзіне беретін болсақ, қазір шақыратын болса, сол жұмыстарды біз істеп береміз. Халықтан өтінеріміз, шаршы метрге төлейтін 6 теңгеден келісімшартқа сервистік компаниямен келісімге келсе екен.

Жұма, 20 Қазан 2017 08:33

Онлайн режимде өткен жиынға аймақтардың әкімдері қатысты.

Қарағанды қаласында Орталық сайлау комиссиясы онлайн тәртібінде конференция өткізді. Жиын барысында шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттары сайлауын өткізуге әзірлік, сайлаушылар тізімдерін құру бойынша жұмыстарды жетілдіру мәселелері талқыланды. Аймақтардың әкімдері бейнебайланысқа қосылып, маңызды шараға дайындық барысын пысықтады. Бұл шараны барынша жоғары деңгейде өткізу үшін халықаралық тәжірибені енгізу іске асырылуда. Бұл бағытта Орталық сайлау комиссиясының делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында алғашқы сапарын Молдова Республикасына жүзеге асырған.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Біз қазіргі уақытта халықаралық тәжірибеге көп көңіл бөліп отырмыз. Халықаралық процестің белсенді қатысушысына айналамыз. Бұл қадамдар бізге заманауи сайлау технологиясын береді, сонымен қатар сайлаудың ашық түрде өтуіне септігін тигізеді.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.