ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Киевтегі Жамбыл Жабаев атындағы кітапханаға 55 жыл толып отыр

Киевтегі Жамбыл Жабаев атындағы кітапханаға 55 жыл толып отыр

Қазақ халқының көрнекті айтыскер ақыны, жыршы Жамбыл Жабаев атындағы кітапханаға 55 жыл толып отыр.

Жарты ғасырдан астам жасап келе жатқан рухани орда Киев қаласында орналасқан. Кітапхана үнемі қазақ авторларының еңбектерімен толығып отырады.

Жарты ғасырдан бері бір кідірмей, қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан Жамбыл Жабаев атындағы кітапхана кіре берісінен-ақ көңілді көтеріп тастайды. Айналаның бәрі таныс дүниелермен ыстық. Мұнда қазақтың маңдайалды жазушысы Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев, Оралхан Бөкей, әлбетте Жамбыл Жабев және Әкім Тарази, Олжас Сүлеймен мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кіптарымен танысуға болады. Күні кеше рухани орда қазақ тіліндегі құнды кітаптармен толықты. Әр сенбі сайын дәл осы жерде қазақ тілі сабағы өтеді.

Татьяна Маркевич, Жамбыл Жабаев атындағы кітапхана директоры:

– Кітапхана жанынан қазақ тілі сабағының клубы ашылды. Әр сенбі сайын осы жерге келіп, қазақ тілін тегін үйренуге болады. Мұнда тілді оқытатын әдістемелік оқулықтар аз еді. Кеше ғана елшілік отызға жуық кітап сыйлады.

Жамбыл Жабаев атындағы кітапхана қазақ авторларының еңбектерімен ғана ерекшеленбейді. Мұнда қазақ суретшілерінің картиналарымен танысып, көңілің қаласа, қазақ әуендерін тыңдауға да болады.

Александр Соляков, бағдарлама жасаушы:

Киевтегі бұл көне кітапхана үнемі жаңалықтармен ерекшеленеді. Бүгін қазақ суретшілерінің еңбегімен танысып тұрмын. Қазақстанның табиғаты мен тұрмысынан хабар беретін картиналарды көріп, қазақ еліне барғым келіп кетті.

Кітапхана алғашқы оқырмандарын өткен ғасырдың 63 жылында қабылдаған екен. Енді бір айдан кейін рухани азық ордасы 55 жылдық мерейтойын атап өтпек. Әлбетте мерейтой қарсаңында мұнда қазақтың қасиетті қара домбырасы күмбірлеп, диаспора өкілдері Жамбыл мен Абай жыр-жауһарларын жатқа оқиды.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко