17:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ғалымдар: Астананың 1000 жылдық тарихы бар

    Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 22:33

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі аясында дәріс өтті.

Онда студенттерге көрменің мәнін ашатын тың деректер, маңызды мәліметтер ұсынылды. Елорда тарихына жеке тоқталған ел ғалымдары: «бас шаһардың 1000 жылдық тарихы бар», – деді. Және бұл дерек әлдеқашан ғылыми түрде дәлелденгендігін алға тартты. Айтуларынша, «Астананың тарихын 1830 жылы Ресей империясы құрған Ақмола бекінісінен бастау қате». Шетелдік зерттеушілердің еңбектерінен Сарыарқа жерінде болған тарихи қалалар туралы көп әмілметтер кездестіруге болады, – дейді олар. Тұңғыш Президенттің кітапхана қоры негізінде ұйымдастырылған жылжымалы көрме 14 қаңтарға дейін жалғасады. 

Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Біздің Астанамыздың тарихы мың жылға барады. Мысалы, Бозоқ деген қыпшақтың қаласы 1000 жыл бұрын осында болған. Мәдени әкімшлік, діни экономикалық орталық болған. 1816 жылы осы Ақмола маңайында Ресейдің мықты геодезисі, зерттеушісі Иван Шанкин деген азамат болған. Сол ескі қалалардың жетеуін тауып алып, картаға сызып кеткен.

2017 жыл қазақ киносы үшін жемісті болды

    Сәрсенбі, 03 Қаңтар 2018 20:51

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген 20-ға жуық толықметражды көркем фильм мен 24 деректі киноның көпшілігі халықаралық жүлделерге ие болған.

Биыл таспаланған кино туындылардың қатарында шоқтығы биік көрінгені – режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи драмасы. Бұл фильм көрерменнің де, киносыншылардың да жоғары бағасын алды.

Топ жарған тағы бір тарихи туынды – режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» көркем фильмі. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасының оқиғасы әсерлі баяндалған. Ол жыл басында Иранда өткен халықаралық Фаджр кинофестивалі мен «Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Сәбит Құрманбеков, кинорежиссер:

- Мен жақында Германияда болдым. «Мангейм» деген кинофестивальде. Сол жерге өзіміздің жерлестер, немістер келді. Бұл оқиға оларға да тиесілі. Тек қазақтарға ғана тиесілі емес. Бүкіл әлемде қазір босқындар бар, Отанынан айрылғандар бар. Барлығына ортақ, ұқсас тағдыр.

Ұжымдастыру жылдарының тәлкегі, қазақты түбірімен жоя жаздаған ашаршылық, екінші дүниежүзілік соғыс азабы. Тұтас үш дәуір тынысын жеткізген режиссер Ақан Сатаевтың бұл туындысы бұған дейін бірнеше шетелдік жүлделерді қанжығасына байлаған. Биыл отандық «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленді.

Ақан Сатаев, кинорежиссер:

- Шынымды айтсам, аздап ыңғайсызданып тұрмын. Көп рахмет! Бұл – біз үшін үлкен баға. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Әріптестердің бағалауы екі есе қуантады.

«Қазақфильм» киностудиясының келер жылы көрерменге ұсынар дүниелері де қомақты. Режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы» тарихи киноэпопеясының екінші маусымы түсірілуде. Сондай-ақ Ақан Сатаевтың ел астанасының қазығы қағылған сәттен бастап бүгінгі көркейген келбетін бейнелейтін «Бейбітшілік кіндігі» фильмі келер жылы көрерменге жол тартады.

Айнұр Исаева, «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қытайлармен бірлескен үлкен көркем фильміміз бар. Ол «Композитор» деп аталады. Ол – Сисин Хай мен біздің Бақытжан Байқадамовтың достығы туралы фильм. Америкамен бірлескен фильміміз «Әміре» деп аталады. Ол өздеріңіз білетіндей, Әміре Қашаубаевқа арналған көркем фильм болып отыр. Бұл фильмдердің барлығы алдымыздағы жылы шығып, көрермен назарына ұсынылатын болады.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Биыл Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы 18 толықметражды көркем фильм түсірген. Бұдан бөлек, жекеменшік кинокомпаниялардың жарыққа шығарған телехикаялары көрерменді мезі еткен телеэкрандағы үнді, корей, түрік сериалдарын алмастыра бастағанын айта кеткен жөн. Демек, отандық киноиндустрия елге етене жақын тақырыптарға бет бұрды деуге болады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының қойылымдары Жапония көрермендерінің көңілінен шықты

    Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2017 20:09

Қазақстан мен Жапонияның арасы жақындай түсті. Токиода өткен «Ұлы дала елi» концерті мен «Ақтастағы Ахико» спектаклі көрерменнің көңілінен шықты. Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театры ұжымының күншығыс еліне алғашқы гастрольдік сапары сәтті өтуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы шараны өткізуге еліміздің мәдениет және спорт министрлігі мен Жапониядағы Қазақстан елшілігі қолдау көрсеткен.

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының құрылғанына 92 жыл болды. Бұл өнер ұжымының осы уақыт аралығындағы Токиоға жасаған алғашқы сапары. Қойылым басталар алдында көрермендер ұлттық құндылықтарымызды танытатын көрмедегі құнды жәдігерлерімізбен танысты.

Ерлан Біләлов, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры: 

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бүгінде бізге әлемге шығып мәдениет арқылы байланыстар, қарым-қатынастар орнату мақсатында жұмыс істеуге үлкен ықпал жасап отыр, үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан мен өз кезегімде Елбасымыздың рұхани жаңғыру бағдарлармасын және бізге колдау көрсеткен мәдениет және спорт министрлігіне үлкен алғысымызды білдіргім келеді. 

 Жоспарланған уақытта қойылым да басталды. Залда бір де бір бос орын қалған жоқ. Шынайы оқиға желісіне негізделген «Ақтастағы Ахико» драмасы көрерменді тәнті етті.

 Асхат Маемиров, «Ақтастағы Ахико» спектаклінің режиссері:

-Сол тағдырды көре отырып бейжай қалмайды адам. Ойланады, жаны тебіренеді, толғанады. 

 Данагүл Темірсұлтанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса:

-Осыны пайдалану керек. Өйткени біз өзіміздің сорпамызда кайнай бермей шетке де шығып басқа мемлекетке барып, көріп, бөлісіп, олардың қабылдауын қарап, оларды біз қалай қабылдаймыз.

Аталмыш сапар аясында бұл мақсат та орындалды деуге болады. Қойылымнан соң, өнер ұжымы кездесулер өткізіп, Жапонияның «Но», КабУки» және «СузУки» дәстүрлі театрларында болды. 

Авторы: Ердәулет Байдуллаев

Әзербайжанда қазақ мәдениетіне арналған кітап жарық көрді

    Сәрсенбі, 27 Желтоқсан 2017 22:10

Монографияның басым бөлігі хакім Абайдың шығармашылығына арналған.

Кітап авторы ұлы ақынның еңбектері арқылы қазақ пен әзербайжанның өзара байланысын зерттеген. Абай туындыларына бұған дейін де бірқатар Әзербайжан ғалымдары қызығушылық танытқан. Олардың да зерттеулерін осы кітаптан табуға болады.