Оқиға - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Бейсенбі, 24 Тамыз 2017 21:42

Оқыс оқиға таңғы сағат тоғыз шамасында болған. Зашаған кентіне қатынайтын №5 бағыттағы автобусты көлік кептелісіне аялдаған сәтте артынан ағындап келген №7 автобус соққан. Соққының қаттылығы сонша бірнеше жолаушы алдыңғы терезеден сыртқа ұшып түскен. Абырой болғанда адам өлімі жоқ.

Екі автобустан түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған 58 жолаушы дәрігер көмегіне жүгінсе, соның 6-ы аурухана төсегіне таңылды. Қазір жол апатына себепші 24 жастағы жүргізушінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының бірінші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Земфира Әбілқайырова, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

-Оның ішінде бір жүкті әйел қазіргі таңда барлық мамандармен тексеріліп, тұрғылықты жері бойынша қаралуға жолданды. Және соның ішінде 4 бала да бар. Барлығы – 58 адам.

Манарбек Ғабдуллин, БҚО жергілікті полиция қызметінің бастығы:

-Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соттық сараптамалық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Әзірше біздің ойымызша, №7 автобустың жүргізушісі кінәлі. Қазіргі кезде бәрін тергеумен дәлелдеп, заңды шешім қабылдаймыз.

Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017 20:50

Семейдегі өрт сөндіру қызметіне ұн шығаратын комбинаттан өрт болғаны жайында күндізгі сағат 12-лерде хабар келіп түскен.

Элеваторға шұғыл жеткен құтқарушылар жұмыс мұнарасында үгіту жүйесіндегі технологиялық процесс кезінде бидай ұнтағынан жарылыс орын алғанын анықтады. Апат салдарынан мұнара зардап шегіп, еден зақымдалған. Жарылыстан есік, терезелер мен тасымал ленталары өртенген. Өрт сөндірушілер 47 жастағы  комбинатта жұмыс істейтін əйелді оқиға орнынан алып шықты. Ол қолдары мен бетін күйдіріп, 1-дəрежелі  жарақат алған. Оған жедел медициналық жəрдем көрсетілді. Бірақ ауруханаға жатудан бас тартқан. 

Қазір өртке байланысты абайсыздық, технологиялық процестің бұзылуы немесе өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы сияқты бірнеше жорамал қарастырылып отыр.

Мемлекеттік инспекторлар өндірістік ішкі талаптар мен ережелердің бұзылуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.

Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 10 техникасы мен 45 адамы жұмылдырылған. Өрт сағат 13:51-де толық ауыздықталған. Бұл туралы Семей қалалық ТЖБ хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017 15:06

Жексенбі күні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми сайтына хакерлік шабуыл жасалды.

Бұл туралы көрменің баспасөз қызметі хабарлады.

«20 тамыз күні сағат 23:00-ден кейін (Астана уақытымен) expo2017.astana.com сайты орналасқан серверге ауқымды Ddos-шабуыл жасалғаны тіркелді. Зиянкестер әртүрлі IP-мекен жайларынан сайтқа үлкен жүктемені жасай отырып (секундына 20 мың өтінімнен жолдау), серверді істен шығаруға әрекет жасады. Техникалық қызметтің бірлескен жұмысы арқасында сервердің жұмысы толық қалпына келтірілді. Ddos-шабуылының барлық деректері арнайы қызметтерге жіберілді», – делінген таратылған хабарламада.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.