ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елбасы цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты

Елбасы цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты
Цифрлық экономика үшін халықтың цифрлық сауатын ашу өте маңызды.
«Ғаламторға телмірген заманда ІТ технологияны мемлекет барынша қолдап, қарапайым халықа ілгері дамыған бағдарламаларды үйрету қажет». Елбасы Қазақстанды цифрландыруға арналған республикалық кеңесінде осылай деді. Иә, әлемде қазір жасанды интеллект, роботтар, сенсорлар, ақылды жабдықтардың түр-түрі күнделікті шығарылуда. Бұл – заман талабы. Ал ХХІ ғасыр – сандық технологиялар заманы. Келешекте ел дамуының негізгі факторлары да осы саламен байланысты болмақ. Сондықтан Қазақстан цифрландыру саласында батыл қадам жасағаны абзал.
Заман көші ілгері. Ақпараттық технологиялар қарыштап, озық инновацияның дәуірі келді. Қазір экономиканың дамуын сандық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Озық отыздыққа ену үшін де ауадай қажет. Демек, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы – уақыт талабы. 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
- Цифровизация – это не цель, это средство достижения абсолютного преимущества нашего, которое дает глобальная конкуренция. Без этого уважающая себя страна не может жить нормально. Нет конкуренции, отстанем и будем глотать пыль впереди идущих государств. Получить резкий рост прибыли, производительность и капитализацию – вот в чем дело. Вот это дает цифровая экономика.
Цифрлы технологияларды енгізу үшін біраз әлемдік тәжірибелер зерттелді. Үкімет тыңғылықты жұмыс істеген. «Цифрлық Қазақстанда» 4 негізгі бағытқа басымдық берілді. Экономиканың базалық салаларын цифрландыру, мобильді мемлекетті дамыту, креативті қоғамды жетілдіру, елдің цифрлық трансформациясына қажетті жаңа инфрақұрылымды құру ескерілген. 
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:
- Бағдарламаны даярлау кезінде Үкімет тарапынан Қазақстан экономикасы үшін цифрлық дәуірдің қамтып отырған жаһандық сын-қатерлері мен мүмкіндіктері ескерілді. Осыған байланысты екі бағыт айқындалды. Біріншіден, цифрландыру процесінің тұрақтылығы үшін инновациялық дамудың ұзақ мерзімді институттарын құру болса, екіншіден, нақты сектордағы белгіленген жобалардан тұратын бағдарламаның прагматикалық басталуын қамтамасыз ету көзделген. 
Алдағы уақыт 9 базалық салада үдемелі цифрландыру стратегиясы жүзеге асады. Энергетика, шикізат, өнеркәсіп, логистика мен ақпараттық технологияларға ерекше екпін берілмек. Оны жүзеге асыру үшін қырауар қаржы жұмсалады. Осы орайда Президент бағдарламаның қайтарымы болуы тиістігін айтты. Барлық жайттар алдын ала ескерілуі тиіс. 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  
- Сколько же собираются выручить наши разработчики программы? Мы ничего не услышали здесь, как видим. Потратить собираемся к 2021 году 251 млрд тенге. Я посчитал большие проекты, которые вы мне дали. А какая отдача от этой программы? Цифр нет. То есть если так будем работать, то деньги на ветер или для воровства. Поэтому давайте уточним наши цели. Если наши разработчики и наши зарубежные советники, которых мы привлекать будем, толком не планируют эффект, значит, они по каким-то, не знаю, идеологическим или каким-то другим соображениям хотят нас затормозить, остановить наше развитие. Я не говорю, что это так, но так может быть. Нам надо учесть.
Бағдарламаның басты мақсаты – 2025 жылға қарай Қазақстан цифрлық бәсекеге қабілеттігі халықаралық рейтингінде 30-орынды иеленуі тиіс. Жиынға келген халықаралық сарапшылар Қазақстанның бұл межеге жетуге мүмкінгі мол екенін айтты. 
Александр Тюрпиц, Boston Consulting Group Таяу Шығыс бойынша басқарушы директоры: 
- Цифрлы дәуір басталып кетті. Кейбір мемлекеттер мұндай қарыштап дамуды қауіп ретінде қарастырады. Алайда біздің ойымыз басқадай. Бұны мүмкіндік деп қарастырамыз. Және Қазақстанның мұндай мүмкіндіктердің бар екенін ескеріп, оны пайдалануға ұмтылғаны қуантады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жілігін шағып, майын ішкен сарапшылар жеке-жеке сөз сөйлеп, сандық технологиялар саласында ой өрбітті. Сандық технологияларды дамытудың жолдарын саралады. Көрші Ресей мамандары тың саланы бірігіп дамытуға үндеді. 
Николай Никифоров, РФ Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі: 
- Сандық платформалар – табыстың кілті. Қуантарлығы, тың жобалар елдің атқарушы билік жүйесін тұтас қамтиды. Бұл өте маңызды. Экономика импортталған технологиялар негізінде емес, төл өнімдер арқылы цифрлануы тиіс. Бұл істің ұңғыл-шұңғылына бойлағанымыз абзал. Осы оңтайлы сәтті пайдаланып барлығыңызды бұл жұмысқа жұмыла кірісуге шақырамын. Біздің университеттеріміз ынтымақтастықта жұмыс істеуі керек. Зерттеу, талдау жұмыстарын бірігіп жүргізгеніміз жөн. Елдеріміз технологиялық өнертабыстары арқылы ғана экономикаларын бәсекеге қабілетті ете алады.
Еуразиялық экономикалық одақта цифрлы технологияларды бірігіп дамыту бастамасын Елбасы қолдады. Ол үшін бірлескен комиссия құруды ұсынды. 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
- Мы состоим в Евразийском экономическом союзе. Я предлагаю, чтобы Россия, Казахстан и Беларусь совместно создали комиссию и совместную программу осуществления программы цифровизации. Я не хочу обижать других членов ЕАЭС, но мы должны, в первую очередь, создать совместную комиссию по цифровизации и продвигать это. Есть разный опыт, мы можем им поделиться, специалисты есть. Нужно создать специальную комиссию при Президенте. Рабочим органом будет Премьер-Министр и его офис.
ЕАЭО елдері сандық технологиялар бойынша дамыған мемлекеттерден біршама артта қалғаны жасырын емес. Оның себептері айқын. Қазақстан болса осы күнге дейін етек жиып, еңсе түзеді. Екі бірдей жаңғыруды артқа тастап, қор жинады. Кезек үшінші модернизацияда. Ал оның жүгі жеңіл емес. 
Лейрд Каган, Cagan McAfee Capital Partners басқарушы директоры /АҚШ/:
- Мен Президент мырзаны 20 жылда жеткен жетістіктеріңізбен құттықтағым келеді. Сөз жоқ, бұл аралықта елдеріңіз ауқымды жұмыстар атқарды. Қазір Қазақстан цифрлану нарығында көшбасшы елдердің қатарына қосылуды мақсат қылып отыр. Оған мүмкіндіктеріңіз жетеді. Қазақстан халқы – әр істің астарына үңіле алатын ойшыл халық. Әрі салқын климаттарыңызда блокчейн сынды инфрақұрылымдарды құруға ыңғайлы.
Қазақстан – инновациялар енгізуге қолайлы мемлекет. Мұнда заманауи ақпараттық орталықтар жұмыс істейді. Жуырда тағы біреуі іске қосылады. ЕХРО көрмесінің базасында IT-стартаптар орталығы жұмыс істей бастайды. Мұның бәрі цифрлы технологияларды көптеп енгізу үшін. Бұдан бөлек мемлекет пен жеке кәсіпорындардың ықпалдастығын дұрыс жолға қою маңызды. Бизнеске цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге жағдай жасау керектігін айтты Президент. Бастысы, «Цифрлық Қазақстан» қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Табыстың кілті – технологияларда. Демек, әр қазақстандық заман көшімен бірге басуы тиіс. 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
- Очень важно повышать навыки людей. Мы сейчас говорим здесь о высоких моментах и говорим это «Убер», говорим о других, а вот все население, я далеко не буду ходить - Россия, Казахстан, например, знают об этом? Нет! Даже пользоваться то, что мы хотим, собираемся, надо научить. Надо научить пользоваться смартфонами как следует. Поэтому у нас здесь огромное поле работы и надо больше говорить, больше объяснять, больше учить грамотности. Все казахстанцы – от школьника, который сидит за партой, до пенсионера – снова надо сесть за книги, надо изучать вот это, чему нас никогда не учили. Мое поколения вообще понятий не имела и нынешнее среднее поколение тоже, поэтому все казахстанцы, да и другие должны сесть за учебники, то есть схватиться за головы и начинать разбираться. Принцип образования на всю жизнь становится потребностью, нормой.
Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке айтылған кемшіліктерді ескере отырып бағдарламаны нақтылауды тапсырды. 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Доработать эту программу с учетом замечаний, конкретизировать ее и начинать действовать. До конца года вам время. С 1 января следующего года я лично буду контролировать каждый месяц, куда мы идем. Сейчас я назначил новый состав правительства. Молодой. Средний возраст от 40 до 45 лет. Самому молодому – 36 лет, самому старшему – 50 лет. Все они англоязычные, образованные. Прошли обучение в западных университетах. Вот вам все карты в руки сейчас, показать. Я завидую  вам. В мое время, когда я был в вашем возрасте, не было таких возможностей учиться, знать и такую огромную проблему для своей Родины решить. У вас есть возможности, страна есть. И работа есть огромная, приносящая удовольствие.
Цифрлы технологияларды дамыту үшін кадр даярлау мәселесі тағы бар. Демек, білім беру саласына жүктелген міндет зор. Бұл мәселе де бағдарламада ескерілген. Үкімет сарапшылардың ұсыныстарын да есепке алары сөзсіз. 
Рандип Судан, Дүниежүзілік банктің акт және телекоммуникация тәжірибесінің жетекшісі: 
- Қазақстан ұзақ уақыт бойы жетекші көрсеткіштерді иеленіп келеді. Бүгін Қазақстан Президенті өте маңызды мәселеге назар аударды. Әрине, көздеген межеге қол жеткізу үшін біраз уақыт керек. Тынымсыз еңбек ету қажет. Сондай-ақ бұл іске барлығымыз бірігіп атсалысуға тиіспіз. Мемлекеттер күш біріктірген жағдайда жоғары жетістіктерге жете алады.
Арик Дроми, футуролог, TEMPUS MOTU негізін қалаушы: 
- Қазақстан Президенті барлығын кең көлемде саралап отыр. Дамудың 3 негізгі бағыты: энергия, мобильділік және коммуникация. Сіздердің мемлекеттеріңіз бұл салаларға сандық технологияларды енгізуіне мүмкіндік бар. Осылайша көздеген мақсаттарыңызға ертерек қол жеткізе аласыз.
Сим Бо Кюн, Оңтүстік Кореяның Ақпарат және қауіпсіздік министрінің орынбасары: 
- Оңтүстік Корея соңғы сандық технологиялармен жұмыс істейді. Кезінде мемлекеттік ақпарат орталығын құруда бірқатар олқылық орын алған еді. Қателіктерді біртіндеп түзету барысында бүгінгі көрсеткішке жеттік. Төл тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Жүйе сыннан өткендіктен, сіздердің елде сандық бағдарламаны енгізу сәтті жүзеге асады деген сенімдемін.
Сайып келгенде, «Цифрлық Қазақстан» елімізді түбегейлі өзгерістерге әкелмек. Тың технологиялар экономикалық серпін беріп, жедел қызмет көрсетуге жетелейді. Ел ертеңін айқындайтын болғандықтан, Президент бағдарламаны жеке қадағалайтынын айтты.
Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков