ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер кеңесінің отырысына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер кеңесінің отырысына қатысты

Сочиде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ТМД-ға мүше елдер басшыларының кеңесі өтті. Тараптар күн тәртібінде 20-ға жуық мәселені қаузап, алдағы атқарылар жұмыстарды пысықтады.

Көшбасшылар жаһандағы жағымсыз жайттарды ескере келе гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге және экономиканың басты бағыттарына басымдық берді. Тағы бір айта кететін жайт, бұл басқосуға алғаш рет Өзбекстан мен Молдова Республикасының Президенттері қатысты.

Туристік Сочи бұл күндері саяси алаңға айналды. Қара теңіздің солтүстік жағалауында ТМД елдерінің басшылары бас қосты. Ұйым барлығы 11 мемлекетті біріктірсе, 9-ының көшбасшысы саммитке табан тіреді. Елдегі саяси науқанға байланысты Алмазбек Атамбаевтың орнына Қырғызстанның Премьер-Министрі келді. Украина Президенті де жиынға келмеді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша мәртебелі меймандарды саммит қожайыны қарсы алды. Жылы лебіз алмасып, көшбасшылар шүйіркелесіп жатты. Үлкен жиынның алдында болатын қалыпты құбылыс. Президенттердің позитивті көзқарастары көш жерден көзге түсіп тұр.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

-ТМД елдері басшыларының саммиті мына ғимаратта өтіп жатыр. Жиынның басым бөлігі жабық есіктің арғы жағында. Бір білеріміз, ұйым жұмысын ілгерілету, көпжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен пысықталуда. Ал біз, тілшілер қауымы негізгі ғимараттың қасында орналасқан баспасөз орталығынан xабар таратамыз.

Көшбасшылар алдымен шағын құрамда тілдесті. Ресей жағы бірден бір жылдық төрағалығын қорытындылады. Барлығы 50 шара атқарылған. Оның ішінде ұйым трансформациясы да бар. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы өткен саммитте ұсынды. Мақсат – ұйым институттарының тиімділігін арттыру. Бұл бағытта атқарушы органдар тыңғылықты жұмыс істеді. Солайша ТМД-ның жоғары органдарының өкілеттіктері қайта бөлінбек. Профильді мәселелер тиісті органдарға жүктелсе, мемлекеттер басшыларының кеңесі достастықтың даму стратегиясымен айналысады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-На сегодняшний день главным стратегическим документом развития сотрудничества является концепция дальнейшего развития СНГ и план основных мероприятий по реализации, принятые еще в 2007 году. Данный документ охватывает широкий спектр деятельности СНГ, включая политическое, экономическое и гуманитарное взаимодействие,а также взаимодействие в сфере безопасности. Предлагаю провести ревизию действующей концепции, адаптировать ее положение к требованиям времени и разработать новый план мероприятий на перспективу.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

-Саммиттің күн тәртібі мазмұнды. Біз ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты әрі шарай өрбітудің жолдарын пысықтаймыз. Достастық құрылымдарының тиімділігін арттыру шараларын ортаға саламыз. Экономикалық әріптестікке ерекше көңіл бөлінеді. Сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту үшін тосқауылдарды жою көзделуде. Бізде өзара ірі әрі тиімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

Экономикалық өсім көшбасшылардың басты назарында.  Бұл тақырып әсіресе тоқырау кезеңінде өзекті.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

-Қазір әлемдік экономикада тұрақсыздық сақталуда. Бұған ТМД мемлекеттері ерекше көңіл бөлуі тиіс. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев өзара сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға назар аударды. Бұдан бөлек Президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған ТМД-ның даму концепциясын жетілдіруге шақырды. Құжатты қайта қаралып, қазіргі жағдайға бейімделуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В мировой экономике по-прежнему сохраняется повышенная волатильность. В этих условиях страны СНГ должны уделять особое внимание взаимному углублению торгово-экономических отношении и искать новые ресурсы для экономического роста. Одним из наиболее развивающихся сегментов является рынок услуг. Свободная торговля услугами на территории СНГ позволит открыть новые возможности для наших бизнесменов и выведет торгово-экономическую кооперацию наших стран на новый уровень. Предлагаю поручить совету глав правительств и исполнительному комитету активизировать работу по проекту соглашения о свободной торговле услугами и принять его в ближайшее время.

Саммитте 20-ға тарта мәселе қаралды. Барлық сала бойынша ең көкейкесті түйткілдер сараланды. Қауіпсіздік, қорғаныс, жемқорлықпен күрес, бейбіт мақсатта ғарышты бірлесіп игеру және тағы басқа. Айта кетерлігі, биыл гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән берілуде. Көшбасшылар 2017 жылды «Отбасы институты мен  дәстүрлі отбасылық құндылықтарын қолдау жылы» деп жариялауы сондықтан. Осыған орай тиісті мәлімдеме қабылданды. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. ТМД басшыларының басқосуы бірден Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына ұласты. Онда ұйымға мүше Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения басшылары интеграциялық даму мәселелерін ортаға салады.

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Дулат Ентебеков, Хасен Омарқұлов, Алмаз Омарғалиев