00:20 Әрі қарай эфирде: «Жанды дауыс»
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 16:50

Екеуара әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың бүгіні мен келешегі сөз болып, Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастығы пысықталды.

Тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапарына және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына байланысты пікір алмасып, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 16:10

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары аясында өткізген кездесулерді қорытындылап, мұхиттың арғы жағында қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Ақордада өткен жиынға Президент Әкімшілігінің басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы және Мемлекет басшысының көмекшілері қатысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Все видели как визит прошел. Прошел успешно. Самое главное есть конкретные договоренности по конкретным вопросам. Мы должны следом выполнить все договоренности. Иначе потеряем темп и значение того, что мы говорили. Экономическая часть очень важна. Встреча за круглым столом с капитанами бизнеса и их обещания имеют большое значения. Сондықтан ел үшін, халқымыз үшін өте табысты нәрселер бар. Келіскен сөздер бар. Американың үлкен компанияларының «Қазақстанға келеміз» деген уәдесі бар, жасап жатқан жұмыстары бар. Қазақстанға саяси жағынан үлкен қолдау бар. Қазақстан өңірдегі өзінің орны, ролі атқарып жатқан, болашақта бірге істейтін шаруалар халықаралық жағдайда, дүние жүзі жағдайында бәрін пысықтап, әдейі тапсырмалар беруіміз керек. 

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары нәтижесінде ел экономикасына 7 млрд доллардан астам инвестиция тартылатын болды. Бұл жолы дәстүрлі салалардан бөлек, көлік-логистика, цифрландыру бойынша жаңа уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жалпы саны 20-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылып, үкіметаралық 3 келісім орнады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстанға қатысты министрлер деңгейінде жиын өтеді

    Жұма, 19 Қаңтар 2018 19:16

Қазақстанның төрағалығымен өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті құру» тақырыбында министрлер деңгейінде пікірталас өтеді.

Биыл Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін 430 млн АҚШ доллары қажет. Бұл – БҰҰ келтірген мәлімет. Осылайша көмекке зәру 2,8 млн адамға қол ұшын беруге болады. Олар – қақтығыс және табиғи апат салдарынан өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған тұрғындар. Жарақаттанғандарға дәрі-дәрмек, өзгелеріне азық-түлік жеткіліксіз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстанда террористік әрекеттер қайта күшеюі мүмкін екенін де айтады. Жуырда Кеңес делегациясы Ауғанстанға барды. Мақсат – елдегі халықаралық лаңкестік ұйымдарға қарсы санкцияларды жүзеге асыру және сондағы жағдаймен танысу. Мамандар мұнда соңғы рет 2010 жылы болған.

Қайрат Омаров, ҚР БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

– Сапар барысында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері елдің солтүстігі мен шығысында қауіптің сейілмегенін айтты. Сирия мен Ирактан ығысқан содырлардың Ауғанстанға шоғырлануы алаңдаушылық тудырады. Бұл жағдайда әскери әрекеттер мәселені толығымен шеше алмайды.

Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

– Біздің бағалауымызша, Талибан қозғалысы мен бұған дейін болмаған нәтижелі келіссөздер жүргізуге мүмкіндік туды. Осы арқылы елде бейбітшілік орнауына әрекет етеміз. Ауғанстан террористер шоғырланатын орталық болғанын ешкім қаламайды.

Қауіпсіздік Кеңестің отырысында Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Ауғанстандағы ахуал мен аймақтық қауіпсіздік мәселесі талқыланады. Осы ретте ресми Кабул Ауғанстандағы бейбітшілікті қалпына келтіру үшін Қазақстанға үлкен үміт артады.

Хайри Мохаммад Хумаюм, Ауғанстанның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі:

– Ауғанстанға «Талибан», «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымдарының террористері тарапынан үлкен қауіп төніп отыр. Террорлық қауіп солтүстік Ауғанстан жерінде сезіледі. Жағдай Ауғанстанды да, әлемді де алаңдатып отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі екі ұйымның әсерін әлсіретеді деп үміттенеміз. Содырларға қолдау көрсетіп отырған арналарды жою керек.

Ресми Астана Ауғанстанға қауіп-қатер ретінде емес, маңызды және келешегі мол серіктес ретінде қарау керек деп есептейді және жаһан жұртын осыған үгіттеп келеді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпауға бағытталған нақты шаралар ұсынды

    Жұма, 19 Қаңтар 2018 19:00
akorda.kz

Елбасы өзінің парасатты пайымдарымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында бөлісті.

Мемлекет басшысы осыдан соң АҚШ-қа сапарын қорытындылап, баспасөз конференциясын өткізді.

Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ-ның бас ғимаратында орналасқан. Мұндағы әлемнің ең биік мінбесінде маңызы бар саяси шешімдер қабылданады. Қауіпсіздік, тұрақтылық пен бейбітшіліктің туын желбіреткен іргелі бірлестік. Бастысы Қазақстанның ұстанымдарымен біте қайнасып жатыр. Сондықтан болса керек, ұлы дала еліне деген сенім тіптен ерекше. Іргелі кеңеске төрағалық ету – соның жемісі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын және бүгінгі төрағалық қызметімізді әлемдік қоғамдастықтың елімізге және оның бейбітшіл саясатына деген сенімі деп білеміз. Бұл мәртебелі қызметтегі Орталық Азияның бірінші мемлекеті бола отырып, біз дүниежүзілік ұйымның маңызды органының өкілі сыңайлымыз.

Бір жыл бойы Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның жұмысы жемісті өтті. Бірнеше комитеттерді басқара отырып, шиеленістерді шешуге қомақты үлес қосты. Бір ғана Астана процесінің өзі мақтауға тұрарлық. Сәтті аяқталған келіссөздер жаһандық түйткілдің түйінін тарқатуға септігін тигізді. Және Қазақстан ұстанып келе жатқан негізгі басымдықтардың бірі – ядролық қаруды таратпау.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Безъядерный путь Казахстана может стать примером и послужить практическим руководством для других стран. Мы создали и укрепили нашу независимую страну, добились её высокого международного авторитета, отказавшись от ядерного оружия и получив гарантии ненападения от ядерных держав. Мы призываем последовать нашему примеру руководство Северной Кореи. Не в этих ядерных бомбах и ракетах находится сила. В мире его много, это не является по-настоящему защитой. Защитой является доверие мирового сообщества.

Президент зұлмат қарудан бас тартып, қалың көпшілікті ядролық әлеуетті тек бейбіт мақсатта пайдалануға шақырды. Бастысы – өзара сенімге негізделген қатынастар орнату. Онсыз қандай да түйткілдің түйінін тарқату мүмкін емес. Әсіресе ядролық державаларға түсіністік жетіспейді. Тек келіссөздер ғана қандай да нәтижелерге әкеледі. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау бағытында бірқатар ұсынысты ортаға салды. Тіпті Қазақстан Солтүстік Корея мәселесіне қатысты келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Конструктивный подход, на наш взгляд, можно применить и в вопросе регулирования ядерной проблемы Северной Кореи. Текущие события на Корейском полуострове демонстрируют глубинные противоречия. Мир серьезно обеспокоен. Эту проблему можно решить, восстановив доверие между США, Россией и Китаем. Об этом мы тоже говорили в Белом доме на днях. Казахстан готов принять посредническое участие и предоставить свою площадку для переговоров в случае такой необходимости у вовлеченных сторон.

Қазақстанның мұндай ұмтылыстары көпшілік тарапынан қолдау тапты. БҰҰ Бас xатшысы Антониу Гуттериш Қазақстанның төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы көпке үлгі екенін айтты.

Антониу Гуттериш, БҰҰ Бас хатшысы:

– Бүгінгі жиынға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Жиынның ұйымдастырылуына жетекшілік еткен Қазақстанға алғыс айтамын. Қазақстан жаһандық қырып-жою қаруын таратпау туралы бастаманы көтеріп, үнемі қолдау білдіріп келеді. Осы мәселеде Президент Назарбаевтың еңбегі ерен. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы алғыс айтамын. Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуының өзі – қырып-жою қаруын таратпауға қосылған үлкен үлес. БҰҰ да ядролық қарудың таралуына түбегейлі қарсы.

Бүгінде Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін екенін екінің бірі біледі. Мұны Елбасы АҚШ-қа сапары қорытындысы бойынша өткен брифингте де атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетелдік журналистердің сауалдарына жауап беріп, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметіне  оң баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бұл – маңызды шара. Бүкіл дүниенің осындай ұйымын басқаруды және нұсқау беруді табысымыз деп санаймыз. Бұл – жеке басымның емес, Қазақстанның табысы. Арқамызда халқымыз тұрғаннан кейін осындай жұмыс істеп, елге жақсылық жасаймыз деп жүріп жатырмыз.

Елбасы Вашингтонда болған келіссөздердің де сәтті аяқталғанын айтты. Кездесулердің барлығы жемісті. Бизнес капитандарымен жүздесудің нәтижесінде миллиардтаған келісімдерге қол жетті. Сөйтіп ынтымақтастықтың жаңа көкжиектеріне жол ашылды.

Дональд Трамппен де салиқалы сұxбат өрбіді. Қос көшбасшы өзара сенім мен түсіністік жағдайында екіжақты қатынастар мен өңірлік, xалықаралық мәселелерге терең үңілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–  Абсолютно знал, что он не похож на всех других президентов. Я встречаюсь, начиная со старшего Буша, Клинтон, младший Буш, Обама. Пятый президент абсолютно не похож в ведении переговоров. Бизнесмен, человек конкретный. Пустых слов не любит. Это тоже мне нравится. И всюду мы друг друга понимали. И все прошло нормально. Полное было взаимопонимание. Никаких проблем не было. Наоборот, договорились о прямой связи по вопросам, которые обсуждали. Договорились, что сигнал будет дан американским компаниям работать в Казахстане. Что Казахстан важное государство в Центральной Азии. Углубление стратегического партнерства с США мы прописали в нашем заявлении.

Нұрсұлтан Назарбаев екеуара әңгіме барысында Дональд Трампты Қазақстанға гольф ойнауға шақырғанын айтып қалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Здесь нам соревноваться не стоит. Во-первых, у него везде есть гольф-поля. Каждую субботу, воскресенье играет, погода позволяет. А нам где ещё сейчас играть. Всё равно я его пригласил. Он удивился, что у нас гольф есть. Я говорю, поле есть, несколько клубов есть. Приедете, сыграем. Договорились, что сыграем.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары шын мәнісінде тариxи деуге негіз бар. Мұнда өткен әрбір жиынның елге берері мол. Жаңа инвестициялар мен тың нарықтарға жол ашылып, экономика күшейе түседі. Және Қазақстанның бейбітшілік, сенім мен қауіпсіздікке салған сара жолын жеке атап өту керек. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бағыт-бағдарын әлем жұртына тағы бір мәрте көрсетіп, Президенттің бұл сапары мұxиттың арғы жағында үлгі боларлық істермен есте қалды.

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Жандос Битабаров