×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Спорт

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын Грузияға қарсы ойынмен бастайды

    Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 11:13
sinelnikove.com.ua

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) ресми сайтында Ұлттар лигасы жарысының күнтізбесін жариялады.

Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы ойынын Грузияға қарсы ойынмен бастайды. Бұл құраманы жаттықтыратын бапкер Владимир Вайсстың есімі қазақ спортсүйер қауымына таныс-ақ. Маман осыған дейін Алматының «Қайрат» клубын жаттықтырған болатын. Қос құрама арасындағы ойын 6 қыркүйек күні Қазақстанда өтеді.

Топтық кезеңдегі ойындар жыл соңына дейін аяқталады.

6 қыркүйек: Қазақстан – Грузия

10 қыркүйек: Андорра – Қазақстан

13 қазан: Латвия – Қазақстан

16 қазан: Қазақстан – Андорра

15 қараша: Қазақстан – Латвия

19 қараша: Грузия – Қазақстан

Айта кетейік, Ұлттар лигасы – Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) қолға алған жаңа футбол додасы. Халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес, әр екі жыл сайын өтетін болады. Жарыстың мақсаты – ұлттық құрамалар деңгейінде футболдың өркендеуі мен ресми ойындардың санын арттыру. Бұл жарысқа UEFA құрамына кіретін 55 елдің футбол қауымдастығының құрамалары қатысады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Биыл Қысқы Олимпиада кезінде туристерге роботтар жол сілтейді

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 23:27

Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Жарыс күнтізбесіндегі негізгі сайыстар Пхенчхан және Каннын қаласында өтеді. Кешенді сынды қабылдайтын шаһарлар шетелден келетін спортшылар мен қонақтарды күтіп алуға дайын.

Әлемге танымал Пхенчхан – сегіз елді мекенді біріктіретін аудан орталығы. Бүкіл округте елу мыңға жуық қана адам өмір сүреді. Дегенмен, бұл өңірде жыл бойы саяхатшылар жүреді. Аталған аймақта қыста шаңғы теуіп, жазда ерекше салқын ауасымен тыныстауға болады. Сондай-ақ Пхенчхан өзіндік сиыр етімен де танымал. Жергілікті мейрамханалардың мәзірінен сиыр еті қосылған тағамдардың сан түрін кездестіре аласыз. Тіпті сиырға арналып ескерткіштер де қойылған. Олимпиада ойындарының негізгі жарыстары да осы Пхенчхан ауданында өтеді.

Ким Ми Ран, Пхенчхан ауданы әкімшілік бөлімінің бастығы:

-Пхенчхан – бұл ауыл шаруашылығы ауданы. Қаламен салыстырғанда мұнда мейрамхана және қонақ үйлер көп емес. Олимпиада ойындарының астанасы етіп Пхенчханды бекіткен соң, жиырма бес мың орын жеткіліксіз болды. Сол себепті елу мың орын дайындадық. Жетіспеушілік болмайды деген ойдамыз. Дегенмен, ондай жағдай орын алса, көрші қалалар қонақтарды қабылдауға дайын.

Спортшылар мен қонақтарды қабылдайтын тағы бір қала – Каннын. Шығыс теңізінің жағалауында мұздағы спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Мұнда қазақстандық спортшылар мен жанкүйерлердің үлкен делегациясы келеді. Себебі бір ғана шорт-тректен Қазақстан құрамасы он лицензия жеңіп алып, әлемнің үздік 5 командаларының қатарына кірді. Тағы бір қызықты жайт, Каннын қаласы Өскеменнің сыңары саналады екен.

Чон Ин О, Каннын қаласының тұрғыны:

-Біздің қаламыз шорт-тректі жақсы көреді. Себебі осы ойынның чемпиондары Каннын қаласында тұрады. Бізде бірнеше мұз алаңымыз бар еді. Олимпиадаға байланысты тағы жаңа алаңдар салынды.

Ким Пок Рэ, Каннын қаласының тұрғыны:

-Олимпиада ойындарына байланысты Сеул мен Каннын арасында жүрдек пойыз іске қосылды. Сондай-ақ базарды жаңартты. Сатып алушылардың қатары көбейді.

2018 жылғы Қысқы Олимпиада қонақтарды жаңа технологиясымен таңдай қақтырады. Сеулден Пхенчханға қатынайтын пойыздар сағатына 300 шақырымды бағындырып отырады. Әлем бойынша алғаш рет ең шапшаң бес джи интернеті іске қосылады. Ал туристерге жол сілтеуші қызметін роботтар атқарады. Сондай-ақ қонақтар тек Олимпиада ойындарын көріп ғана қоймай, ай күнтізбесі бойынша келетін жаңа жыл мерекесін де тойлайтын болады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян, Оңтүстік Корея

Головкин алғаш рет WBN нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 11:39
НТВ

Британияның WorldBoxingNews.net басылымы 2017 жылдың қорытынды аталымдарының жеңімпаздарын жариялады.

Редакция нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атағына қазақстандық Геннадий Головкин лайықты деп танылды. Ол осы аталымда украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Теренс Кроуфордты артқа тастады. «Головкин үшін биыл жұлдызды жыл болды. Боксшы орта салмақтағы чемпиондық белдіктерін дивизионның екінші және үшінші нөмірлеріне қарсы сәтті қорғады. Головкин, Ломаченко және Кроуфордтардың арасынан үздігін таңдап алу қиын болды. Бірақ Қазақстан өкілі карьерасында алғаш рет «Редакция таңдауына» лайық деп санаймыз», - делінген мақалада.

Бұрын GGG оқырмандар пікірінше қатарынан төртінші жыл үздік боксшы болған еді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Астанада алғаш рет әуесқой велотрекшілер арасында чемпионат өтті

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 10:30

Яғни қарапайым мұғалім, саудагер, есепші, тіпті, зейнеткерлерге дейін велоспорттың осы түрі бойынша өзара мықтыны анықтады.

Негізі тректегі бәсекеге тас жолдағымен салыстырғанда қиындау. Соған қарамастан, өткен жылы республикалық велотрек жанынан арнайы секция ашылып, кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқойларды да үйрете бастаған еді.

Міне соның нәтижесінде чемпионатқа 60-қа жуық адам қатысты. Олар  5  жас дәрежесі бойынша жарыс жолына шықты. 2 күнге созылған жарыста топ жарғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бауыржан Мұқашев, велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының директоры:

– Спорт және дене шынықтыру комитеті, велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығы тек кәсіпқой спортшыларды емес, әуесқой спортшыларды дайындау мақсатын қойып отыр. Бұқаралық спорт өсуі үшін әуесқой спортта жарыстар өткізу керек. Ол жарыстар өзге елдерге шақыру сияқты болады. Оған қатысып жатқан адамдар өсіп келе жатқан жасөспірімдерге үлгі болады.