Семейдегі автокөлік құрастыру зауыты жаңа желіні іске қосты

25 қараша 2013, 19:56

Мемлекет тарапынан қолдау тапқан Семейдегі автокөлік құрастыру зауыты жаңа желіні іске қосып, автобустардың жаңа түрін шығара бастады. Осылайша, зауыт 240 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Елбасы өз Жолдауында «Біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауымыз керек» деген еді. Бұл ретте, Семей автокөлік құрастыру зауыты өз тауарын көршілес елдер нарығына шығаруға әдбен қабілетті өндіріс ошақтарының біріне айналып үлгерді.  

Эльдар Данияров, Сату бөлімінің басшысы:
- Мемлекеттік және ұлттық компаниялардың бәрі бізден алсын деп сондай өтінім жасады Үкімет. Сондай көмек бөліп жатыр. Мемлекеттің арқасында зауыт сонда жаңадай инновация, жаңа автобустар кіргізіп, қазір біз алдыға қарай жақсы белестергешығамыз деп ойлаймын.    

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған өндіріс ошағы жеті түрлі трактор, автобустың бірнеше түрін және әскери арнайы мақсаттағы «Урал» автокөліктерін құрастырады. Зауыт ендігі жерде ұзындығы 12 метр, сыйымдылығы 35 адамдық автобус құрастыра бастады. Айталық, жолаушылардың мініп-түсуіне қолайлы болуы үшін аялдамаға келгенде автобус бір жағына қарай жантаяды.  

Саруар Қабдолла, тілші:
- Өндіріс орны мұндай автобустардың жылына 500 данасына дейін шығаруды жоспарлап отыр. Болашақта бұларды Қазақстанның барлық қалаларынан дерлік көруге болады дейді мамандар. 

Елімізде индустрияландыру картасына енгізілген жобалар аясында 50 мыңға тарта адам жұмыс пен қамтылған.  Ал, Семейдегі  машина құрастыру зауыты бүгін де 240 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Дидар Құбаев, дәнекерлеуші:
- Үнемі жаңа автобустар, жаңа модельдер құрастырамыз. Сондықтан, корейлік мамандар келіп, оқытып тұрады. Маған өз жұмысым ұнайды. 

Бұнымен қоса, Семей өңірінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде көптеген жаңа жобалар іске асырылып отыр. Ерінбеген адамға екі қолға бір күрек кез-келген жерден табылады. Осылайша, отандық өндіріс мемлекет қолдауының арқасында дамып, ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатының артуына өз септігін тигізіп отыр. 

167

Пікір жазу


Құрметті оқырмандар! Khabar.kz (сайтының) редакциясы пікір жазғанда басқаның ар-намысын қорлайтын, жала жабу, тікелей кемсіту және ұлттық араздыққа әкелетін сөздер қолданбауыңызды өтінеді. Бір-бірімізге құрмет көрсете білейік!


Кіру | Тіркелу
Сіз мына әлеуметтік желілер арқылы да авторизациядан өте аласыз: