A+ A A-

Оңтүстік Корея спортшылар мен жанкүйерлерді инновациялық технологиялармен таңдандырмақ

  • Бейсенбі, 08 Ақпан 2018 10:37
Оңтүстік Корея спортшылар мен жанкүйерлерді инновациялық технологиялармен таңдандырмақ БелТА

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Дайындық жоғары деңгейде. Оңтүстік Корея елі спортшылар мен олардың жанкүйерлерін инновациялық технологияларымен таңдандырмақ.  

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ақ Олимпиада барысында келген қонақтарға курьер, гид және аудармашы роботтар қызмет көрсетеді. Ақылды машиналар олимпиада алауы эстафетасына да қатысты. 

О Чжун Хо, Кореяның озық технологиялар институтының профессоры:

– Біздің мақсатымыз – робототехниканың қаншалықты қарқынмен дамығандығын әлемге паш ету. Ақылды машиналардың мүмкіндігі мұнымен шектелмейді. Қазір біз роботтардың жылдамдығы мен сапасын арттыру бағытында жұмыс жасап жатырмыз. 

Роботтар спортшылар мен жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады. Жоғары технологиялы көмекшілер қауіп-қатер төнген жағдайда ақпарат беріп, оператордың бұйрығымен оқ атуға қауқарлы. 

Вон Кюнг-Хван, полиция қызметкері:

– Біз қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бар күшімізді саламыз. Сондықтан Олимпиада қонақтарының алаңдауына негіз жоқ. 

Жанкүйерлерге барлық жағдай жасалған. Жасанды интеллект иелері қонақтардың бейтаныс жерде адаспауын және еркін тілдесуін қамтамасыз етеді. Пхенчханда күн райы минус 20-25 градус. Алайда ауа ылғалды болғандықтан, суық қатты сезіледі. Сондықтан ұйымдастырушылар жанкүйерлерді жылытатын қондырғысы бар көрпелермен қамтамасыз етуде. Еріктілер қатарында роботтар да бар. Дайындық жоғары деңгейде. Олимпиадалық ойындардың басталуына 4 күн қалды. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз