A+ A A-

Шорт-трекші Абзал Әжғалиев жартылай финалға шықты

  • Бейсенбі, 22 Ақпан 2018 16:22

Пхенчхан Олимпиадасында шорт-трек бойынша жарыстар жалғасып жатыр. 


Бүгін ерлер арасында 500 м қашықтықта ширек финалдар аяқталды. Ширек финалға Қазақстан сапынан 3 шорт-трекші қатысып, оның біреуі жартылай финалға шықты. Ширек финалда 4-топта сынға түскен отандасымыз Абзал Әжғалиев төрешілер шешімімен жартылай финалда бағын сынауға мүмкіндік алды. 

Өкінішке қарай, Денис Никиша (40,806) мен Нұрберген Жұмағазиев  500 м қашықтағы сайыстарын ширек финалмен аяқтады. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық шорт-трекшілер 5000 м қашықтықтағы жұбаныш финалына қатысады. Бұл қашықтықтағы сындар бүгін Астана уақытымен 17:52-де басталады.