A+ A A-

Элизабет Тұрсынбаева Пхенчхан Олимпиадасын 12-орында аяқтады

  • Жұма, 23 Ақпан 2018 10:57

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында жекелей сайыстар өз мәресіне жетті.


Жекелей сында қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева қос бағдарлама бойынша жалпы 177.12 ұпаймен Пхенчхан Олимпиадасын 12-орында аяқтады. Ол қысқа бағдарламада 58,82 ұпай, негізгі бағдарламада 118.30 ұпай иеленді. 

Дәл осы сында 239.57 ұпай еншілеген Олимпиадаға қатысушы Ресей атлеті Алина Загитова Чемпион атанды. 238.26 ұпайымен оның отандасы Евгения Медведова Олимпиаданың күміс медалін алса, канадалық Кэйтлин Османд қос бағдарлама қорытындысы бойынша  231.02 ұпайымен қолаға қол жеткізді.