A+ A A-

Норвегия Олимпиада ойындарында медальдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты

  • Сенбі, 24 Ақпан 2018 11:40
Норвегия Олимпиада ойындарында медальдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты segodnya.ua

Қысқы Олимпиада ойындары аясында Норвегия құрамасы медальдар саны бойынша АҚШ командасына тиесілі рекордты жаңартты.

Норвегиялық тау шаңғышылар топтық сайыста қола медальды жеңіп алып, ел құрамасының қоржынына 38-ші медальды салды.

Ал бұрынғы нәтиже бойынша АҚШ құрамасы Ванкувердегі ойындарда 37 жүлде иеленген екен.

Айта кетейік, медальдық есепте Қазақстан Латвия мен Лихтенштейн елдерімен 27-ші орында тұр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз