A+ A A-

Алексей Полторанин: Не болғанын білмеймін...

  • Сенбі, 24 Ақпан 2018 14:48

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында шаңғыдан  50 км қашықтықта марафон өтті. 


Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасынан 3 шаңғышы қатысып, үшеуі де жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Алексей Полторанин 15-ші болып мәре сызығын кессе, Евгений Величко-39, Виталий Пухкало 52-орынмен жарысты сәтсіз аяқтады. 

Сайыс аяқталғаннан кейін Алексей Полторанин журналистерге әсерімен бөлісіп, жарыстағы жағдайы туралы пікір білдірді.

"Не болғанын білмеймін... Жүгірдім, барлығы жақсы болған, күшім де болды. Мен жарысты бастағанда екінші немесе үшінші орын туралы ойламадым. Жеңіс немесе жеңіліс деген екі ғана жол болды. Түбінде, жеңіліс болған екен", - дейді шаңғышы Алексей Полторанин.