A+ A A-

Шаңғы жарысында Полтораниннен өзге 3 отандасымыз да даралана алмады

  • Сенбі, 24 Ақпан 2018 15:25

Пхёнчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің басты үміті саналған Алексей Полторанин 50 шақырымдық масс-старт сынында өкінішке қарай, жүлделі орыннан көріне алмады.

Классикалық жарыстың ортасына дейін үздік үштікте келген жерлесіміз соңғы 10 шақырымында бастапқы қарқынын жоғалтып алды. Осылайша 70 спортшы арасында тек 15-ші нәтиже көрсетті.

Тағы үш отандасымыз Евгений Величко, Виталий Пухкало мен Денис Волотка да даралана алмады. Бұл бәсекеде фин спортшысы Ийво Нисканеннің бағы жанды. Ол 2 сағат 8 секундта мәреге жетті. Күміс пен қола Ресей елінен барған қос атлет Александр Бальшунов пен Андрей Ларьковтың еншісінде.

Айта кетейік, кешкі сағат 17:30-да конькимен жүгіруден қазақстандық Федор Мезенцев мұз айдынында бағын сынайды. Отандық спортшылардың қатысуымен өтетін өзге де жарыстарды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетуде. Спорттық бәсекелердің жалпы кестесімен «Хабар 24» және «Хабар» арнасының сайттары арқылы таныса аласыздар.

Алексей Полторанин, Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Мен жарыс жолына жүлделі орыннан көрінемін деп шықтым. Мәселе шаңғыда да емес. Өкінішке қарай, бұл сында қарқын жетіспей, жолым болмады. Баяу болғанымды мойындаймын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз