A+ A A-

Фархад Харки Қазақстан қоржынына қола салды

  • Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 05:54
Фархад Харки Қазақстан қоржынына қола салды google.com

Қазақстандық ауыр атлет Фархат Харки мықтылар қатарынан көрініп, Олимпиаданың қола жүлдесін еншіледі. 62 келі салмақта сынға түскен зілтемірші ел қоржынына үшінші медальды салды. 

25 жасар спортшы жұлқа көтеруде 135 келіні бағындырып, үздік үштіктің қатарынан орын алса, серпе көтеруде 170 келіні еңсеріп, медальға жақындады. 

Қос сайыс қорытындысы бойынша 305 келімен жерлесіміз Рио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. 

Колумбиялық спортшы 318 келімен Олимпиада чемпионы атанса, индонезиялық атлет 312 келімен күміс медальды еншіледі. 

Енді Фархаттың жолын өзге зілтемірші қыз-жігіттер жалғастырады деген үміттеміз. 

Бүгін әйелдер арасындағы 63 келі салмақта жерлесіміз Карина Горичева сайысқа шығады. 

Фархат Харки сайыстан кейін қуанышын біздің арнамен бөлісті. 

Фархад Харки, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері 

-Бас жүлдеге таласатындай мүмкіндік болды. Алайда оң қолым тартылып қалды. Сондықтан жоғары нәтиже көрсете алмадым. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті