A+ A A-

Ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

  • Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 00:43
Ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды http://wfrk.kz/

ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесіндегі ауыр атлеттер арасында сайыс аяқталды.

Қазақстандық ауыр атлет Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеруде 115 келіні еңсеріп, бірінші сайыс нәтижесі бойынша таблода екінші орынға тұрақтады. 116 келіні бағындырған қытай қызы Янгмей Сян бірінші орынға шықса, египеттик Сара Ахмед 112 келімен үздік үштікті қорытындылады. 

Серпе көтеру сынында Жазира 144 келіні ырқына көндірді. Қоссайыс қортындысы бойынша 259 келіні бағындырған Жазира Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 

Жазираның басты қарсыласы саналған қытайлық атлет Янгмей Сян қоссайыс қорытындысы бойынша 261 келімен алтыннан алқа тағынса, Египеттен келген Сара Ахмед 255 келімен қоланы қанағат тұтты. 

Жазира Жаппарқұл ел қоржынына Рио Олимпиадасындағы екінші күміс медалді салды. Олимпиада ойындарының алғашқы күнінде дзюдошыларымыз Елдос Сметов (60 кг) күміс, Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) қола медаль алған болатын. Сондай-ақ, қос ауыр атлет Фархад Харки мен Карина Горичева ел қоржынына қос қоланы салған еді. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті