A+ A A-

Ниджат Рахимов - Олимпиада чемпионы

  • Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 04:24
Ниджат Рахимов - Олимпиада чемпионы sports.kz

Рио-де-Жанейродағы олимпиада кезінде ерлер арасында 77  келі салмақта сынға түскен қазақстандық Ниджат Рахимов қоссайыста 379  килограмм көтеріп, Олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 165 кг, серпе көтеруде 214  кг алды.

Осы салмақта Қытай атлеті Люй Сяоцзюнь 379 (177+202) көтеріп, екінші орыннан көрінсе, Египеттік  Мохаммед Ахмед Махмуд 361  килограмм көрсеткішпен (165+196) қола медаль иеленді.

Бұл - Қазақстанның Риодағы бесінші медалі. Осыған дейін дзюдодан Елдос Сметов (60 кг) күміс, Галбадрах Отгонцэцэг  (48 кг) қола, ауыр атлеттер Жазира Жаппарқұл күміс, Фархад Харки мен Карина Горичева қола алған.

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті