A+ A A-

Қазақстан қоржынына үш медаль қосылды

  • Жұма, 19 Тамыз 2016 07:13
Қазақстан қоржынына үш медаль қосылды Фото: Content Buro

ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының 13-інші күнінде Қазақстан қоржынына 2 күміс, 1 қола медаль түсті.

Бокстан 81 келіде жұдырықтасқан Әділбек Ниязымбетов ақтық финалда  Хулио Сесар Ла Крустан жеңіліп қалды. Дегенмен, отандасымыз Рио Олимпиадасының жүлдегері атанып, елге бір күміс сыйлады.  Әділбек Ниязымбетов Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері атанды.

63 келіге дейінгі салмақта күрескен қазақстандық балуан Екатерина Ларинова қола үшін белдесуде Елена Пирожкованы жеңіп, қола медальға қол жеткізді.

Әйелдер күресінен 75 келіде боз кілемге шыққан Гюзель Манюрова финалда Эрика Уибеге есе жіберіп, күмісті місе тұтты. Сонымен қатар, Гюзель Манюрова күрестен екі Олимпиададан да жүлдемен оралған жалғыз қазақстандық атанды.

Қазақстан құрамасы қоржынында Рио олимпиадасында үш алтын, бес күміс, жеті қола медаль бар. Бұған дейін ауыр атлетикадан Ниджат Рахимов пен жүзуден Дмитрий Баландин, Данияр Елеусінов (бокс) алтын алған. Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика) мен Елдос Сметов (дзюдо), Василий Левит (бокс) күміс медаль еншілеген. Оған бүгін Гюзель Манюрова (күрес) мен Әділбек Ниязымбетовтың (бокс) күміс медальдары қосылды. Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева, Фархад Харки, Александр Зайчиков  (үшеуі  де - ауыр атлетика), Эльмира Сыздықовалардың (күрес) қоласына Екатерина Ларионованың (күрес) қоласы қосылды.

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 104 спортшы спорттың 26 түрінен қатысып жатыр. 

 

 

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті