A+ A A-

Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров жұбаныш жекпе-жегін өткізеді

  • Жексенбі, 21 Тамыз 2016 03:17

80 келіде Қазақстан құрамасынан Рио Олимпиадасына қатысқан Руслан Жапорв алғашқы айналымда Әзірбайжан спортшысы Исаев Радиктен 11:2 есебімен ұтылған болатын.

Қарсыласы финалға жолдама алғандықтан, отандасымызға жұбаныш жекпе-жегін өткізуге мүмкіндік берілді. Ол бірінші жұбаныш жекпе-жегінде Бейжің Олимпиадасының чемпионы Чха Дон Минмен кездеседі. Оңтүстік Кореялық спортшыны жеңген жағдайда ұлыбританиялық Махама Чомен қола медаль үшін жекпе-жек өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, Руслан Жапаров Рио Олимпиадасында Қазақстанның туын көтеріп шыққан спортшы.

 

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті