A+ A A-

Универсиада-2017: Шаңғышы қыздарымыз эстафета жарысының күміс жүлдесіне ие болды

  • Дүйсенбі, 06 Ақпан 2017 12:18

Қазақстандық шаңғылар Анна Шевченко, Ольга Мандрика және Ирина Быкова 3-те бес эстафетасы бойынша Универсиада күмісін олжалады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Қазақстандық үштік арақашықтықты 43 минут 17,2 секундта жүріп өтті. Ал бұл жарыстың алтынын Ресей шаңғышылары алды. Қыздарымыз ресейліктерден 52,1 секундқа қалып қойған.

Ал үшінші орынды Франциядан келген спортшылар иеленді. Қазақстан құрамасы үшін бұл жүлде төртінші күміс болып отыр.

Сондай-ақ күмістен басқа ел қоржынында 10 алтын мен 10 қола жүлделері бар. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті