A+ A A-

Универсиада-2017: Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды

  • Сейсенбі, 07 Ақпан 2017 18:16

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 28-ші Қысқы Универсиаданың шорт-трек бағдарламасы бойынша әйелдер арасында 3 мың шақырым қашықтықта эстафета жарысы мәреге жетті. 

Қазақстандықтар ең соңғы сәттерде жапониялықтарды басып озып, қола жүлдені жеңіп алды. Оңтүстік Корея спортшылары кезекті алтынына қол жеткізсе, қытайлықтар күміс жүлдені еншіледі. 

Қазақстан құрамасы сапында Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Анита Нагай және Мәдина Жанбосынова өнер көрсетті. Бұл – қазақстандық шорт-трекші қыздардың универсиададағы тұңғыш медалі.

Дереккөз: inform.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті