A+ A A-

Канада хоккейшілері Универсиаданың қола жүлдегері атанды

  • Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 14:04

Хоккейден Канада студенттерінен жасақталған ерлер құрамасы Чехия құрамасынан үстем түсіп, Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

«Халық Арена» спорт кешенінде өткен кездесу 4:3 есебімен «үйеңкі жапырақ» елі студенттерінің пайдасына аяқталды. 

Айта кетейік, бүгін Универсиада ойындарында хоккейден финалдық ойын да өтеді. Финалда Қазақстан хоккейшілері Ресей құрамасымен кездеседі. Ойын Астана уақытымен 15:00-де басталады. 

Қазақстан мен Ресей құрамалы осымен Универсиада ойындарының финалында екінші рет кездесейін деп жатыр. 

2015 жылы Гранадада өткен қысқы студенттер ойынында бұл екі ұжым кездесіп, ол кезде 3:1 есебімен ресейліктердің мерейі үстем болды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті