Телеканал Хабар

«Әпке»

«Әпке»

Медбике Салтанат Досманбетова мен оның сіңлісі Жанель шағын қалада қарапайым өмір сүреді. Олардың ата-аналары бес жыл бұрын қайтыс болған. Сол кезден бастап Салтанат сіңлісін тәрбиелеуді өз мойнына алады.

Салтанат Жанель мектеп бітірген соң, үлкен қалаға барып, университетте білім алуын қалайды. Сіңлісінің қамы үшін тырысқан әпкесі өз өміріне мүлдем көңіл бөлмейді. Ал Жанель өзімшіл болып бойжетеді. Әпкесі сіңлісіне қаншалықты қамқорлық көрсетсе де, әпкесіне аяушылық танытпайды.