Жұмабек Шахмарданов (1917 - 1973 жж.)
Менің атам Шахмарданов Жұмабек 1917 жылы 1 қаңтарда Галкинский ауданы, Қалқалы ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскерге шақырылып, 1941 жылы майданға аттанып, Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысып, 1946 жылы маусым айында елге оралды.
Әскери билеті: ИТ №3350210
Наградалары:
- «Германияны жеңгені үшін»;
- «Кенинсбергті алғаны үшін»;
- «Жеңістің 20 жылдығына орай» медальдары.
Айтмұхамбетқызы Қапан апаммен бас қосып, үлгілі жанұялардың бірі атаныпты. Үш ер бала мен үш қыз бала, бір немере тәрбиелеген. 1973 жылы 16 наурызда үйдің төрінде отыратын тау тұлғалы атам 56 жасқа жеткен шағында мәңгілік сапарға аттанды. Атам бүгінде тірі болғанда 103 жасқа келер еді. Бүгінде «Менің атам батыр болған» деп, оның ерлігін еске алғанда кеудемді мақтаныш сезімі кернейді.
Авторы: Шагмарданова Алия