Телеканал Хабар

Ғабдуллин Тоқтар

Toktar Gabddullin

Менің атам Тоқтар Ғабдуллин елімізге бейбіт өмір сыйлады. Әттең, қазір арамызда жоқ.

Атам Отаны үшін күресін 16 жасында Өскемен өлкесінен шыққан 108 бозбаланың бірі болып бастаған. Ол Румыния жерінде үшінші Украин майданына аттанды. Авиация шебінде жүріп өз өмірін аямастан ел тыныштығы үшін күрескен батыр атамыз фашистердің тізесін бүктіріп, жеңісін сол Румыния жерінде жүріп тойлаған.

Бірақ Отан алдындағы борышын 1951 жылға дейін сатқындармен күресіп өтеген болатын. Елге оралысымен Тоқтар атам өзі үлес қосқан көк аспан астында, бейбіт заманда еңбек етумен жалғастырған.

Еңбек жолын пошта бастығы болып бастап, әрі қарай оқуға деген құштарлығын білдіріп, орта білім алып, Ауылшаруашылық техникумын «Зоотехник» мамандығы бойынша тәмамдап, өз-өзін жан-жақты дамытқан.

Оқуын аяқтаған соң совхоздың Кәсіподақ комитетін басқарып, Тұтынушылар одағы төрағасының кадр жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. Ол партия ұйымының хатшысы, «Ақжар» совхозы Кәсіподақ комитетінің төрағасы сынды беделді жұмыстарды атқарып, ел дамуына өзіндік үлесін қосқан.

Атам қызмет бабын 1986 жылы аяқтады.

Авторы: Әсел Ғабдуллина