Усаев Қабас
Усаев Қабас 1919 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Теңіз ауданы (қазіргі Құрманғазы), Нұржау ауылдық кеңесінде туған.
1939 жылдың желтоқсанында 20 жасында Теңіз аудандық әскери комиссиариаты арқылы әскер қатарына шақырылған.
Ресейдің Тула облысындағы Ефремовск қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, зеңбірекші мамандығын жетік меңгеріп шығады.
Ол күндердің даңқы ешқашан өшпейді, жойылмайды.
Атамыз құдай қосқан қосағы Мақыш әжемізбен бірге 49 жыл тату-тәтті ғұмыр кешті. 3 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді.
Бүгінде өзі өмірден өтсе де, әке шаңырағын шайқалтпай ұстаған ұлы Жанболат, келіні Гүлжан бүгінде 92 жасқа келген анасын бағып отыр.
Жас шағын оқтың астында өткізіп, ауыр еңбек еткен Қабас атамыз сияқты аталарымыздың өмір жолын кейінгі ұрпақтар үлгі тұтып, қастерлей берейік.
Авторы: @mansurmadinaami