Әлиев Баймаханбет (1922 - 2006 жж.)
Атам Бәймен (Баймаханбет) 1922 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Қайыңды ауылында (Мақпал совхозы) туған.
Ол Ұлы Отан соғысына аттанып, Ленинград блокадасында майданда жаумен бетпе-бет шайқаста болған. Атам соғысқа өзінің екі бауырымен бірге аттанған, бірақ тек жалғыз оралған. Соғыстан кейін де Қалмаханбет, Әлмаханбет атты екі ағасы туралы мүлдем хабар болмаған.
Атам басынан жарақат (контузия) алуына байланысты көп сөйлемейтін. Елге оралған атам апамыз Досжанова Бибіажармен отау құрып, алты бала тәрбиелеп өсірген. Атамнан тараған ұрпақтары: Бәйменова Гүлбахира, Әлиев Андас, Әлиева Зияда, Әлиев Сейдарып, Әлиев Ахан, Әлиева Зухра.
Атам Бәймен 2006 жылы дүниеден озды. Өзінің 80 жастан асқан ғұмырында алты ұл-қызынан 26 немере, 50 шөбере көріп кетті.
Авторы: немересі Әлиева Эльвира Аханқызы