Ысқақұлы Жиенәлі (1924-2005 жж.)
Ысқақұлы Жиенәлі 1924 жылы 2 қаңтарда қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дуниеге келген. 1943 жылы наурыз айында әскери комиссариат арқылы Ұлы Отан Соғысына аттанып, Маньчжурия шекарасына келеді.1945 жылы №1047 полк 77-батареясының көздеушісі Ж.Ысқақов қызмет ететін бөлім жаяу жорыққа шығып, тамыз айында кіші Хинган тауларын асып өтеді. Жапон самурайларымен қақтығысқа түсіп, Пекин қаласына аяқ басады.
Жиенәлі Ысқақов «Жапонияны жеңгені үшін», Жуков медалімен және тағы да басқа медальдармен марапатталып, бас қолбасшының алғысын алады. Сонымен бірге ол – қосымша мерекелік медальдардың иегері.
Әскер қатарынан 1947 жылы мамыр айында босатылып, Отанына оралады. 1949 жылы Қазалы Мал шаруашылығы техникумын бітіре сала, жолдамамен қазіргі Қызылорда облыстық Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылына келеді. Содан 1984 жылы зейнеткерлікке шыққанша мал шаруашылығы саласында жеңісті еңбек етеді. Өнегелі алты ер бала және төрт қыз бала тәрбиеледі.
2005 жылы М.Шәменов ауылында дүниеден озды. Қазіргі кезде медальдары мен төсбелгілері Жалағаш аудандық М.Шәменов ауылының музейінде сақтаулы.
Авторлары: Жиенәлі тегі Мұқамбетқали балалары