Телеканал Хабар

Сәрсенбаев Әбдібек (1916-1992 жж.)

Сәрсенбаев Әбдібек (1916-1992 жж.)

Қатардағы жауынгер Әбдібек Сәрсенбаев Қызылорда облысындағы Сырдария ауданына қарасты Абай ауылында 1916 жылы туған.

Қызылорда облысы, Сырдария АӘК арқылы 1942 жылы бауырларымен әскерге алынып, Беларусьта соғыста болған, кейін жараланып госпитальге түседі. Бірақ жаужүректілігімен екінші мәрте Кёнигсберг қазіргі Калининград қаласы үшін соғықа қатысады.

1985 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Отан соғысының II дәрежелі ордендерімен марапатталады. Саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған атамыз республикалық колхозшылар, инженер-техник жұмысшылар және мамандар арасында жылдық өнімді табысты аяқтағаны үшін марапатталып отырған.

Әжеміз Рахимамен тоғыз бала тәрбиелеген, бүгінде немере-шөберелері өсуде.

Бізді адалдыққа, тектілікке, мейірімді болуға тәрбиелеген атамыз 1992 жылы 23 қаңтарда дүниеден озды. Біз, немерелері мен шөберелері атамыздың ерлігін мақтан етеміз. Ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған атамыздың ерлігі еш ұмытылмақ емес. Мәңгілік есімізде!

Авторы: Бекжан Ғалымжанұлы