Телеканал Хабар

Мұқажанов Махмет (1922-1989 жж.)

Мұқажанов Махмет (1922-1989 жж.)

Махмет Мұқажанов 1922 жылы 21 қарашада Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.

1939 жылы Қарқаралы қаласындағы педагогикалық училищесінің 2-курсында оқып жүрген жерінен әскер қатарындағы азаматтық борышын өтеуге аттанған.

Совет армиясы қатарында Моңғолияның Баянтумен (қазіргі Шайболсын/Чойбалсан) қаласында қызметін өтеп, 1941 жылдың наурыз айына дейін соғыс тактикасын үйренеді.

1941 жылы 12 наурыз Сталинградқа келеді. Құрамында 12 жауынгері бар, Волга өзені бойымен Бакуден Астрахань арқылы Каспий бойымен мұнай таситын баржаны күзетеді.

1942 жылдың қысында Астрахань бойындағы Бузан өзенінен теміржол торабы өтетін көпірді қорғау үшін 1-Прибалтика майданы, 28-гвардиялық дивизияның 14-гвардиялық полкінің сапында қорғауға қатысады.

1943 жылы Прибалтикадағы Шауляй қаласын жаудан қорғауға қатысады. Осы жерде тікелей шабуылға қатысып, үш рет қанды шайқасты ұрыста станокты-пулеметті құрылғысында болып, фашистік «Тигр» танкілерін жібермей жойғаны үшін КСРО Жоғары Советі Президиумының жарлығымен «Қызыл жұлдыз» орденімен және Сталиннің қолынан мақтау грамотасымен марапатталады.

1945 жылы 9 Мамыр Жеңіс күнін Курляндияда (Латвия) қарсы алады.

Туған елге 1946 жылдың ақпан айында оралды. Елге оралғаннан кейін агроөнеркәсіптік бірлестігінде шаруашылық меңгерушісі болып енбек етеді. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады.

Зейнеткер кезінде көркем өнерпаздар ұйымының мүшесі болды. 1989 жылы 19 қазанда дүниеден озды.

Авторы: немересі Қарлығаш Мұқажанова