Телеканал Хабар

Үдешов Айтжан (1922-1991 жж.)

Үдешов Айтжан (1922-1991 жж.)

Менің атам – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. 1922 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы (қазіргі Шет ауданының жері), Өспен (Нілді) ауылында туған.

1941 жылы Жаңаарқа аудандық әскери құрамасы комиссариатының шақырылымымен Ұлы Отан соғысына алынған. ІІІ Украина майданы әскери құрамасының сапында соғысқан. Атқыштар полкіне байланысшы болған.

1942 жылы 8 тамызында сол жақ қолынан, 1943 жылы 24 қаңтарында сол жақ аяғынан екі рет қатты жараланған.

1946 жылы әскер қатарынан босатылған. Бірқатар жауынгерлік наградаларға ие болған. Бейбіт жылдары шаруашылықта түрлі жұмыстар атқарды. 1991жылы желтоқсанда туған жери Өспен ауылында дүниеден өтті.

Үкімет соғыс ардагерлеріне үй салып беріп бастағанда, атам үйден бас тартқан: «Соғысқа үй алу үшін қатысқан жоқпын», – деген екен.

Мен атамды бес жасыма дейін көрдім, қасында тастың үстіне отыратын көрпесін тасып жүретін едім.

Авторы: Удешова Ляззат Кайратовна