Телеканал Хабар

Ерниязов Қасен (1915-1965 жж.)

Kasen Erniyazov

Атамыз Қасен Ерниязов 1915 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, 9 ауылда дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде зеңбірекшілер батальонының командирі, 13-ші теміржол көпірі батальонының суға сүңгу бөлімшесінің командирі болған.

1942 жылдан бастап Оңтүстік-батыс, Прибалтика, Белоруссия және Қиыр Шығыс майдандарында жүріп Отанын қорғаған.

1942 жылы шілде айында Воронеж түбінде, 1943 жылы қаңтар айында Сталининград түбінде жаралы болған. Екінші алған жарақатынан кейін 13-ші теміржол көпірі батальонына ауыстырылған. Сол жылы қазан айында суға сүңгу станциясының бастығы қызметінде жүріп, қарамағындағылармен бірге Рига қаласындағы Батыс Двина өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіруде ерлігімен үлгі бола білген. Жиі ауырғанына қарамастан, өзен арнасын көпірдің қираған металл құрастырылымдарынан тазарту бұйрығын мерзімінен бұрын аяқталуына қол жеткізген. Осылайша объектілердің мерзімінен бұрын қалыпқа келтірілуін қамтамасыз еткен.

Атам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Елге оралған соң әжеміз Балқанмен отбасы құрып, жеті баланың әкесі атанған.

Бүгін біз атамыздың және оның замандастарының ерліктерін бағалаймыз! Ұмытпаймыз!

Авторы: немересі Жанат Ерниязова