Телеканал Хабар

Рақышов Омар (1909-1974 жж.)

Omar Rakyshov

Атам Омар Рақышов 1909 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданына қарасты Көктұма ауылында дүниеге келген. 
1942-1945 жылдары 133 атты әскери полкінде қызмет етті. Соғыс жылдарында 3 рет жарақат алды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін 4 медальмен наградталған:

  • «Ерлігі үшін» медалі;
  • «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»;
  • «Ұлы Жеңістің 20 жылдығы»;
  • «Ұлы Жеңістің 50 жылдығы».
  • Совет Одағының маршалы Сталиннің бұйрығымен 5 алғысы бар.

Отанына жеңіспен оралды. Бейбіт заманда Көктұма бекетіндегі шекара сарбаздарына атқа отыруды және шекара жолдарын көрсетіп, үйретті.

Атам 1974 жылы 65 жасында дүниеден өтті.

Бүгінде 9 ұл-қыздан тараған ұрпақтары еліміздің әр өңірінде жемісті еңбек етуде.

Мен өзімнің атамның майдангер болғанын, ұрыста ерлік көрсеткенін мақтан етемін!

Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Ата-бабаларымыздың жеңісін ешкім ешқашан да ұмытпайды!

Авторы: шөбересі Әсел Нұрғалиева