Телеканал Хабар

Мамыров Қалиасқар (1919-1995 жж.)

Мамыров Қалиасқар (1919-1995 жж.)

Мамыров Қалиасқар 1919 жылы 20 желтоқсанда Майемер ауылында туған. 1939 жылы 20 қыркүйектен 1946 жылдың 10 маусымына дейін әскер қатарында болған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Семейдегі Н.К.Крупская атындағы мемлекеттік мұғалімдер институтының тарих факультетін бітірген. 1946 жылдың 5 тамызынан 1988 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мұғалім болды. Бұл қызметінде Қазақ ССР Оқу министрлігінің «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Еңбек ардагері», «Ерлігі үшін», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық Жеңіске 30 жыл, Кеңес Одағының қарулы күштеріне 50, 60, 70 жыл мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Соғыстан хат

1939-40 жылдары Финляндия соғысы басталып, мен армияға алынып, 135 атты артиллериялық полкқа Новгород қаласына келдім. 1940 жылы 2 январьдан біздің полк Финляндия фронтына қатысып, сонда Карелия майдан ошағында соғыстың ақырына дейін болдық. Соғыс аяқталған соң, біздің полк Псковқа келіп тоқтады. Содан мені тағы басқа жолдастармен бірге Полковый школға алды. 1941 жылы 15 январьда курс біткен соң, 5 танковый дивизияға 3 мото-мех полкқа зав.ОВС етіп бөліп жіберді.

Германиямен соғыс басталған уақытта 5-6 танковый дивизия қоршауды қиратқанға дейін болдым. Содан Псковтан 30 км жерде 7 июль күні қиратылған соң, ертеңінде біздің дивизиядан қалған адамдар тағы басқа частьтағылармен тағы қоршауға түстік.

Осы қоршаудан командир полка мен комиссар полка Рыбалкин комиссар полка Заякин, тағы басқа командирлер мен солдаттар бар болғаны 180 адам ғана Ленинград-Псков темір жолы бойымен Порховқа қарай шегіндік. 9 июльда Порхов (оборонында) қорғауына небәрі 6 ақ адам комиссар полка Рыбалкин мен бірге жаңа бір 41 танк корпусқа қосылдық. Порхов таңертеңінде 15 августқа дейін соғыста болып, тағы қоршауға түсіп жоғары бас командованияның бұйрығы бойынша Ленинградқа қарай шегіндік. Бұл жолы Оредеж озенінің бойындағы Вырица станциясында бірнеше күнге созылған соғыстан кейін біздің 41 танк полкі қирап,одан әрі күш көрсетуге шама болмағандықтан, командованияның бұйрығы бойынша қалған техниканы қиратып көміп, қалған солдат командирлер партизандарға қосылуға болмаса басқа частьтарға қоршаудан шығып қосылуға ақырғы қолдан келген мүмкіншілікке дейін деп таратылды. Содан, менде ком.рота, лейтенант Левченко, ком. взвода Трохин тағы басқа солдаттармен бірге үлкен сазды батпақ арқылы Новгородқа қарай беттедік. 9 сентябрьде Новгород маңында 25 км Горенға деген жерден немістердің тылынан шығып Волховтың аржағындағы өзіміздің фронтқа өтуге ойландық. Бірақ өзеннің екі жағы мина болғандықтан өте алмай, партизандар қатарына қосылдық. Осы отрядта боевой тапсырмаларды орындадық. 1941 жылдың декабрь айының аяғында бізді бұрын соңды қоршаудан шығып өзіміздің частыға қосыла алмай жүріп қолға түскен есебінде бізді де Новгород жанындағы лагерге жіберді.

Содан лагерден неше қашып шыққан мені қыстың күнінде ұзатпай ұстап, талай қиындықты көрсетіп өлімен тірінің арасында Порхов, Луга, Красногвардийск, Павловск, Норва, Каунас, Шторгорд, Линкнис, Айзенинг лагерлерінде болып, 1945 жылы 7 май күні Очак лагерінен босадық. Содан Австрияда Вена қаласындағы 105 лагерге жинап, осы жерден тексеру пунктінен өткен соң 200 арт.Дивиз. 13-47 зап.пол. жіберді. Одан 13-35 зенитный полкке Румынияға келдік. Мен мұнда ОВС-те заведующий складом болып, 1946 жылы жоғары советтің указы бойынша 20 мартта 1946 жылы демобилизацияланып үйге келдім.

Авторы: немересі Мерей Қалиасқар