Телеканал Хабар

Кенбаев Өміржан Азмағанұлы (1914-2007 жж.)

Кенбаев Өміржан Азмағанұлы (1914-2007 жж.)

Біздің әкеміз Ұлы Отан соғысының ардагері офицер полковник Кенбаев Өміржан Азмағанұлы 1914 жылы 5 қазан Ақмола облысы, Ерейментау ауданында дүниеге келген. Осы ауданда мектепке барып, бітіріп, 1938 жылы әскерге алынады.

Әскерде военный училищеге түсіп, барлаушылардың оқуын бітіріп офицер шенін алып шығады.

1941 жылы соғысқа аттанады. Соғыста барлаушылардың полкінде командир болып тағайындалады. Соғыста жау жерінен маңызды мәліметтер, документтер және жау тілдерін қолға түсіреді.

Көптеген ерлігі үшін ордендермен, Александр Невский, Маршал Жуков, орден за Отвагу, орден Отечественной Войны, за Сталинград, за Берлин т.б. да орден-медальмен наградталады.

Соғыста Украина, Варшава, Севастополь, Брест, Беларусь, Ленинград, Сталинград, Польша, Берлинге дейін барады.

1946 жылы елге оралып, анамызға үйленіп, алты бала өсіреді. Балаларын оқытып, білім беріп, ақылын айтып тәрбиелейді, өте байсалды болатын. Елде еңбек етіп, жақы еңбегі үшін «Ветеран труда»медалімен наградталады. 2007 жылы 23 маусымда әкеміз дүниеден кетті.

Біз әкемізге балалары және немерелері атынан Жеңіс үшін басымызды иіп, рахметімізді айтамыз.

2015 жылы Жеңістің 70 жылдығына орай Ерейментау ауданы, Олжабай ауылындағы көшеге әкеміздің аты берілді.

Авторы: Теміржан Балғабаев