Телеканал Хабар

Лақбайұлы Құнапыш (1911-2001 жж.)

Lakbaiuly Kunapysh

Біздің әкеміз Лақбайұлы Құнапыш 1911 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Лақбай сайы деген жерінде дүниеге келген.

Соғыс басталған жылы алдымен әкеміздің үш бірдей ағасы соғысқа аттанған. Екі ағасынан қара қағаз келген, бір ағасы хабарсыз кеткен. Үлкен ағасы Лақбайұлы Байбосын Украина жерінде ерлікпен соғысып, сол жерде қаза тапқан.

1990-1991 жылдары Украина жерінен әкемізге ағасы туралы хаттар келген. Ал өзі 1943 жылы соғысқа аттанып, Польшаны азат ету ұрысына қатысқан. Олар сұрапыл соғыстың небір сұмдық қияметтерін бастан кешірген.

Ал 1945 жылы соғыс аяқталған соң, елге оралып, қайтадан колхоз жұмыстарына белсене араласып, тынбай еңбек еткен. Әкеміз 2001 жылы дүниеден өтті.

2014 жылы облыс, аудан, ауыл әкімдері әкеміздің осы осы еңбектерін бағалап, өзі соғыстан кейін тұрған ауылындағы үйіне ескерткіш тақта орнатты және сол көшеге әкеміздің аты берілді.

Біз әкеміздің ерлігін ұмытпаймыз, қашан да мақтан етеміз! 

Авторы: жанұясы