Садыханұлы Бейсенбек (1925-1993 жж.)
Ұлы Отан соғысының ардагері, халық ағарту саласының үздік қызметкері Бейсенбек Садыханұлы 1925 жылы ақпан айының 6 жұлдызында Семей облысы, Жарма ауданына қарасты Еңірекей қыстағы өңірінде дүниеге келді.
Балалық шағы қазіргі Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылында өтті.
1943 жылдың қаңтар-қараша айларында Қиыр Шығыс майданының Бирбиджан қаласына қоныс аударылған №34 дивизиясында жауынгерлік борышын атқарды. Ал 1943 жылдың қарашасынан 1944 жылдың сәуір айларына дейін Ульяновск облысының Инза қаласындағы екінші әскери оқу бригадасының курсанты. Сол жылдың сәуір-қараша айларында Бейсенбек Садыханұлы Ленинград майданындағы 38-ші атқыштар дивизиясында қару командирінің орынбасары ретінде бірнеше ұрыстарға қатысып, жаудың өршеленген бетін қайтарды. 1944 жылдың сәуірінен 1945 жылдың ақпанына дейін Беларусь майданындағы шайқастарға қатысып, еліміздің көптеген ірі қалаларын жау әскерлерінен азат етуде ерекше көзге түсті. Сондай бір қиян-кескі ұрыстардың бірінде Бейсенбек Садыханұлы қатты жараланып, 1945 жылы наурыз айында Махачкала қаласындағы госпитальға жіберіледі.
1945 жылы шілде айында соғыста алған жарақатынан сауығып, аман-есен туған жерге оралды. Туған жерге оралғаннан кейін атамыз 46 жыл ұстаз болды.
Ұлы отан соғысы кезінде алған «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» және көптеген мерекелік медальдармен қоса І дәрежелі Отан соғысы орденін алды. Бейсенбек Садыханұлы 1993 жылы қыркүйек айының 10 жұлдызында дүниеден өтті.
Біз атамызбен мақтанамыз!
Авторы: немерелері