Телеканал Хабар

Смағұлұлы Әбу (1905-1999 жж.)

Abu Smagulov

Әбу (Әбурайля) Смағұлұлы 1905 жылы Ақмола уезіне қарасты Қызылтопырақ аймағының №9 ауылында дүниеге келген. Ол – бір ғасырға таяу өмір сүріп, көпті көрген көнекөз қариялардың бірі. Өмірінің 70 жылдан артығы Павлодар облысында өтті.

1917-1927 жж. жұмысшы болып істеген.

1929 жылдан бастап облыстық «Қызыл ту» газетінде, жергілікті Лебяжі ауданының «Ленин жолы» газетінің белгілі, белсенді тілшісі.

1929-1930 жж. Павлодар округінің Сейтенов ауданының №7 «Зор Октябрь» колхозында жұмысшылар комитетінің хатшысы.

1930-1932 жж. Семей округінің Бесқарағай ауданында ауыл Кенесінің хатшысы.

1932 жылдан бастап партия мүшесі.

1932-1933 жж. Семей округінің Бесқарағай ауданында «Зор Октябрь» колхозының хатшысы.

1933-1934 жж.  Семей округінің Бесқарағай ауданының Семиярка селосында машина жою станциясының директоры.

1934-1936 жж. «Еңбекші» колхозының төрағасы.

1938 жылы Павлодар облысы құрылған кезде Павлодар облыстық партияның І конференциясының делегаты.

1937-1940 жж. Бесқарағай аудандық партия комитетінде кадр жөнінде хатшысы.

1940-1943 жж. «Май» аудандық партия комитетінде ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі.

1943-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Молдавия, Чехословакия, Венгрия, Австрия, ІІ Украина майданында, Забайкалье фронтында Жапонияға қарсы соғысына қатысқан.

Ұлы Отан соғысының 20, 25, 30, 40, 50 жылдық, Г.К.Жуков атындағы медальмен, «За боевые заслуги», «За Победу над Японией» медальдармен, Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Әскери міндетін аман-есен оралған соң 1946-1949 ж.ж. Лебяжі аудандық партия комитетінің ұйымдастырушы бөлімінің меңгерушісі, кадр жөніндегі хатшысы қызметін атқарды.

1948-1949 ж.ж. Алматы қаласының ЦК КП(б)К барысында партиялық мектебінің тыңдаушысы болды.

1950 жылдан бастап «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болды.

1949-1951 ж.ж. Лебяжі ауданының Совет Кеңесі төрағасының орынбасары болды.

1951-1952 ж.ж. Павлодар облысы, Май аудандық партия комитетінің нұсқаушысы.

1953-1954 ж.ж. Павлодар облысы, Май ауданындағы «Сталин туы» колхозының төрағасы.

1961-1964 ж.ж. Лебяжі ауданындағы  Жамбыл совхозының  ауылдық Совет кеңесінің төрағасы.

1964-1965 ж.ж. Лебяжі ауданындағы Майқарағай совхозының, №2 бөлімшесінде Қорт ауылында бөлімше басқарушысы қызметін атқарды.

«За трудовую доблесть» және «За освоение целинных и залежных земель» және «В ознаменование 100 лет В.И.Ленину» медальдарымен марапатталған.

1965 жылы дербес зейнеткерлікке шықты.

1969 жылдан бастап облыстық «Қызыл ту» газетінде, Лебяжі ауданының «Ленин жолы» газетінің белгілі белсенді жергілікті тілшісі болған.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай» Құрмет грамотасымен марапатталды.

1999 жылы Лебяжі ауданының «Құрметті азаматы» атағын мамыр айында бірінші болып ие болды.

1999 жылы 31 шілдеде дүниеден өтті.

Колхоздастыру, ашаршылық, репрессия, Ұлы Отан соғысы, тың және тыңайған жерлерді игеру – осының бәрі 94 жасқа жеткен көнекөз қарияның өмірі еді.

Әбу Смағұлұлы – Павлодар облысының дербес зейнеткері, Лебяжі ауданының Құрметті азаматы. «Жақсының өзі өлсе де, ісі өлмейді» демекші, бір ғасыр өмір сүрген қиыншылықты да, жақсылықты да басынан кешкен қария ақсақалдың кейінгі ұрпаққа салып кеткен өнегелі өмір жолы ғибрат аларлықтай.

Үлкен жанұя иесі. Тоғыз перзент өсіріп, жұбайы Смағұлова Шайзат Ғабды-Кәрім қызы екеуі ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды. Көзі тірісінде 27 немере, 4 немере сүйіп, қазіргі таңда өлмейтұғын артында із қалдырған парасатты қарияның үрім-бұтақтары ел қатарлы еңбек етіп, өсіп, өркендеуде.

Авторы: Әбу Иемберген Арыстанбекұлы