Телеканал Хабар

Жолдықараев Kалымбек (1903-1997 жж.)

Zholdykaraev Kalymbek

Жолдықараев Калымбек 1903 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Алғабас колхозында дүниеге келген. Осы жерде үлкендерге арналған сауатсыздықты жою мектебін бітірген.

Әкес 1942 жылдың көктемінде ОҚО, Созақ ауданынан әскер қатарына шақырылған. 915-атқыштар полкінің құрамында мергендікке шыныққан. Кейін 654, 177-атқыштар полкінде мергендігін шыңдай отырып, бөлімше командирінің көмекшісі ретінде сержант атағын алып, соғыстың соңғы күніне дейін Великий Новгород, Брянск, Беларусь, Украина, Польша, Чехия жерлерін жаудан азат етуге қатысқан.

КСРО Жоғары Кеңесінің 1945 жылдың 23 маусымындағы жарлығымен сол жылдың тамыз айында елге оралды.

ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен (1944 жылы), «Қызыл жұлдыз» орденімен (1945жылы), ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», Кеңес одағының маршалы Г.Жуков орденімен, «Еңбек ері», Ұлы Отан соғысы жеңісінің мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

«Неміс фашистерінің зорлық-зомбылықтарымен қанішерлігін көрген соң дұшпанға деген көзкарасың басқаша болып, сен өлтірмесең, олар сені аямайтынына көзің жетеді. Сол кезде атқыштық қасиетінді, әрине, шыңдай бересің. Кей кездері карсы жақтың атқыштарын аңдитын кез болады. Оқ іздегенін табады, бірақ жау да осал емес. Оқ тиген болып, өтірік құлап өлгендей болғандарға алданып қалғандарды да көрдік. Басының орнына қалпақ кигізіп, ағашқа іліп көтеріп қалғандарды атып алданып калған кездер де болды. Ондай қулықты біз де үйреніп алдық. Бас киімді көтеріп қаласың, кейде 2-3 оққа дейін бас киімді тесіп өтеді, сол уақытта екінші атқыш оларды аңдып отырады. 40 жыл қырғын болса да, ажалы бар өледі екен. Әр соғысардың алдында ішімнен білген дұғаларды окып жүргеннің әсері ме, жок, мандайыма жазылғаны тірі қалып, сендерді көруді ме екен», – деп анда-санда айтатын әнгімелері жадымда қалып қойыпты.

Саракүл анама үйленіп, ұлы ертерек шетінеп кетті де, Орал әпкеммен бірге 2 кыздың тілеуін тілейді.

Әкеміз 1997 жылы өмірден өтті. Оның шама-шарқынша ел қорғауға cіңірген енбегін әркашан да мақтан тұтамыз.

Қан майданға қатысып шейіт болған, тірі қалып, балалы-шағалы болған ерлердің өшпес рухына бас иiп, еске алып, ұрпақтарына жеткізіп отырған азаматтардың барлығына алғысым шексіз!

Авторы: қызы Мырзакүл Жалдықараева