Телеканал Хабар

Әкімғалиев Меңдіғали (1912-1985 жж.)

 Akimgaliev Mendigali

Әкем Әкімғалиев Меңдіғали 1939 жылы қыркүйек айында Қызыл әскер қатарына алынды. 1940 жылы наурыз айында 260, 421 атқыштар полкi құрамында әскер кызметін атқарып, кейін 314-атқыштар полкi құрамында Кеңес-Фин соғысына қатысты. ІІІ Украин майданында,136 дивизияның 210 әуеден штурм жасаушы полк құрамында Кавказдағы шайқасқа қатысты. Аға сержант 1944 жылдың жазында Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықтағы Кеңес әскері шабуылының бел ортасында болды.

Еуропаның Австрия, Югославия, Венгрия азат ету соғысына қатысты. Жеңіс күнін Венада қарсы алған. Қолбасшы И.В.Сталиннен 14 алғыс хат алған. Кеңес Одағының батыры Маршал Толбухинның өз аузынан мақтау есiтiптi.

Әкімғалиев Меңдіғали Орал облысы, Фурманов ауданында 1912 жылы дүниеге келген. Мектеп бiтiрiп, Орал ауыл шаруашылық техникумын мал дәрігерлік оқу орнын бітіріп, өзі туған жерiнде мал дәрігерлік жұмыс атқарған.

1974 жылы құрметті демалысқа шықты. 1985 жылы соғыстан алған жарақатының асқынуы салдарынан көз жұмды. 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді.

Авторы: қызы Балмаханова Маржан