Телеканал Хабар

Сейітов Мақаш (1921-2000жж.)

Seitov Makash

Менің атам Сейітов Мақаш – Ұлы Отан соғысының ардагері.

1941 жылы 20 жасында әскерге алынған. Сол кезден алдымен шаңғышылар бригадасына, одан кейін барлаушылар батальонында болған.

Варшава, Умань, Демблин қалаларын азат етуге қатысқан. Сол арада екі рет жараланып, емделгеннен кейін Берлинге дейін барып, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен тарихи күннің куәгері болған.

Елге 1946 жылы оралған. «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен және Отан соғысының II дәрежелі орденімен марапатталған.
Соғыстан келгеннен кейін атам Алматы облысы, Жамбыл ауданы, XVIII партсъезд колхозы, кейіннен «Суықтөбе» ЖШС-ында қызмет ете жүріп екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және Ленин орденімен марапатталған.


Апам Ақан екеуі жеті бала тәрбиелеп өсіріп, одан 19 немере, 24 шөбере көрді.
Атамның соғыстағы ерлігі, еңбектегі жетістіктері балалары, немерелері, жалпы жас ұрпақ үшін үлгі болуға лайық.

Авторы: немересі Сейітова Назгүл