Телеканал Хабар

Шерімов Асан (1912-2005 жж.)

Sherimov Asan

Ұлы Отан соғысының ардагері Шерімов Асан 1914 жылы 12 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ата-анасы жастай қайтыс болып, өзі жақын ағайындарының қолында тәрбиеленді.

1930 жылы Жаңақорғандағы жетім балаларды тәрбиелейтін интернат мектебіне кірді.

1935 жылы Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы мектебінде оқып келіп, ауданда комсомол комитетінде қызмет істейді. Одан әрі алты айлық мұғалімдер даярлайтын курста, Қызылорда қаласындағы мектепте оқып, мұғалімдік қызмет атқарады.
Совет Армиясы қатарына 1940 жылы алынады. БССР-дағы Гомель қаласындағы 635 атқыштар полкі, одан соң 143-дивизиясы, 16-армия құрамында әскери міндетін атқарады. Соғыстан елге аман-есен оралып келген соң бейбіт өмірге араласады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Отан соғысы II дәрежелі медалімен марапатталған.

10 жыл шаруашылық дүкеннің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Орталықтағы №51 мектепте 1974 жылдан бастап аудандық оқу бөлімі жанындағы бюджеттік интернаттың меңгерушісі болады.

Мәткаримова Дәриха апамыз екеуі 7 қыз , 4 ұл тәрбиелеп өсіреді. Атамыз бен апамыз ұлын ұяға, қызын қияға қондырды.

Ардагер атамыз 2005 жылы 12 қазанда 95 жасында қайтыс болды.

Ер есімі ел есінде. Асан атамызға мың алғыс!

Авторы: Шерімовтер әулеті