Телеканал Хабар

Жаңатаев Әбдуәлі Әлиакбарұлы (1922 жылы туған)

Zhanataev Abduali

Менің түп нағашы атам Жаңатаев Әбдуәлі Әлиакбарұлы 1922 жылы күзде Арқа жерінде дүниеге келген. Кейіннен Созақ ауылына көшіп келген.

1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Ақмолада дайындықта болады. Осы жылдың 27 қазанында Беларусь майданының 127 гвардия-дивизиясында пулеметшілер бөлімшесін басқарады.

Ржев және Витевск қалаларын азат етуге қатысады. Сол жерде жарақат алып, Чебоксары қаласында госпитальда емделіп, үш жарым айдан соң Мурманск қаласына жұмысқа жіберіледі.

1945 жылдың қаңтар айында елге оралады.

Отбасын құрып, 3 ұлын ұяға , үш қызын қияға қондырған.

Соғыстағы еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Отан соғысының І дәрежелі орденін, Маршал Г.К. Жуковтың төсбелгісін және басқа да марапаттарды иеленді.

Ұлы отан соғысының 65 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтан естелікке қол сағат алды.

Авторы: түп немересі Жолмаханбет Алихан